Changan CS55 Plus – жәй көлік емес, ұшатын көлік!
Иә-иә, бұл жәй ғана көлік емес, жүйрік көлік! Газды бассаң болғаны жүйткіп кетеді.
Astana Motors компаниясынан тест-драйв бағдарламасымен Changan CS55 Plus көлігін айдап көрдім. ECO-NORMAL-SPORT режимі бар. Мен тек ЭКО режимді қосып жүрдім. Тау-тас пен асфальт, серпантин жолдарында жақсы қозғалды. Жылдамдық көрсеткішін сақтай отыра, қозғалыс тез әрі еркін болды.
Чанган емес, Чанан деп аталатын көлік әуелі ауқымды көлемімен таң қалдырды. Кең ауқымды көлік көлемі 1,5 литр ТУРБО, қозғалысы жеңіл әрі артық дыбыссыз. CHERY TIGGO 2 көлігінде дыбыс изоляциясы кедергі келтірсе, бұл көлікте қозғалыс дыбыссыз өтті. Тіпті, шатырдағы люкті ашсаң да артық дыбыс естілмейді.
CS55 кроссовері жол талғамайтын көліктің ұзындығы дәл 4,5 метрді құрайды. Жүк салғыш бөлігі кең, көлемі 505 литрді құрайды. Артқы жақтағы жолаушы орындықтарын жылжытып бүктесе, көлемі 1415 литрге дейін жетеді.
Көліктің рулі ерекше. Әдеттегі дөңгелек пішінде емес, қиықша келген. Айдағанда қолың тез үйреніп кетеді, тек көлікті бұрған кезде ыңғайсыз болуы мүмкін.
Панель негізінен жұмсақ пластиктен жасалған, есік қаптауы мен орындықтар жағымды эко былғарыдан жасалған
Көлік іші кең. Барлық жолаушылар өздерін жайлы сезінеді, себебі өте ыңғайлы әрі жұмсақ. Алдыңғы орындықтар бүйірдегі тетік көмегімен жылжиды.
Жүргізуші мен жолаушылары қауіпсіздігі бүге-шүгесіне дейін ойластырылған. Қозғалыс кезінде көлік жол қатарын сақтайды. Алда кедергілер болса оны байқап, дереу тежеу жүйесін сақтайды.
Көлікте аудио көмекші бар. «Привет, Чанан» десеңіз жеткілікті. Қалауыңыз бойынша терезені де ашады, кондиционерді де өшіреді, музыканы да қосады. Әзірге қазақша білмейді, акцентпен орыс тілінде сөйлейді екен)))
Көлік ақылды болғаны соншалықты қозғалыс аяқталған соң, уақыт, жанармай шығыны, жүріс көрсеткіштері бойынша есеп береді.
Сөз соңында!
Көлік үлкен жанұясы бар, саяхатты сүйетін, биік көлік мінгенді қалайтын жандарға арналған. Қазақстандағы бағасы 11 490 000 теңгеден (оның ішінде күшті ұсыныстар бар) басталады. Автонесие, Trade in бағдарламасы қарастырылған.
Көлік тізгінін ұстаған Ғазиза Ұзақ