Changan Kazakhstan дистрибуцияның жаңа басшысы тағайындалды

2025 жылғы 4 наурыздан бастап Қазақстандағы Changan дистрибуциясына Денис Коломацкий басшылық етеді. Басқарма мүшесі, бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор Денис Александровичтің сату бағытында, дилерлік желілер мен өндірісті дамытуда, сондай-ақ жаңа технологиялар мен бизнес-процестерді енгізуде үлкен тәжірибесі бар. Ол «Астана Моторс» құрылымында 2011 жылдан бері жұмыс істейді. Әр жылдары Астана мен Алматыдағы дилерлік орталықтардың директоры, «Астана Моторс» дилерлік желісін дамыту жөніндегі Басқарушы директоры, Қазақстандағы Hyundai дистрибуциясының директоры қызметін атқарды.

Денис Коломацкий — жауапкершілігі жоғары, жұмыс процестерін дұрыс ұйымдастыра алатын және ұжымды алдына қойылған мақсаттарға жеткізе алатын жоғары өмірлік ұстанымы бар тиімді көшбасшы. Ол белсенді түрде спортпен шұғылданады, сонымен бірге трофи-рейд және джип-спринт бойынша Қазақстан чемпионы болып табылады. Өз кезегінде бұл жетістіктер оның көшбасшылық қасиеттерін, жоғары жауапкершілігін және командада жұмыс істеу қабілетін тағы да айшықтай түседі.

«Астана Моторс» ұжымы Денис Коломацкийдің Changan диструбициясын қысқа мерзімде жетекші орынға шығара алатынына сенімді.

«Астана Моторс» баспасөз бөлімі