Чемпиондар таңдауы: Нұрсұлтан Орынбасаров пен Сара Рахмонова референдумда дауыс берді

Алматы облыстық мәслихат депутаты және джиу-джитсудан қара белбеу иегері Нұрсұлтан Орынбасаров пен оның жұбайы, қоян-қолтық ұрыстан үш дүркін әлем чемпионы Сара Рахмонова елімізде өткен референдумда өз азаматтық таңдауын жасады. Белгілі спорттық жұп Алматы облысы, Іле ауданы, М. Түймебаев ауылындағы №404 сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Бұл тек спорттық аренада ғана емес, азаматтық өмірде де үлгі көрсететін сәт. Еліміз үшін қабылданатын әрбір шешімге қатысу — әр азаматтың міндеті деп санаймыз», — деді спортсмендер.

Нұрсұлтан Орынбасаров пен Сара Рахмонованың белсенді қатысуы олардың қоғамдағы азаматтық жауапкершілікті терең сезінетінін және ел болашағы үшін маңызды шешімдерге бейжай қарамайтындықтарын көрсетті. Спортшылардың азаматтық белсенділігі оларды қоғамдағы жауапты тұлғалар ретінде танытып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуға бағытталған қадамдарының айқын дәлелі болды.