CHERY TIGGO 2 – жас жүргізушілерге арналған көлік

Nazarmedia.kz порталының редакторы Ғазиза Ұзақ CHERY TIGGO 2 көлігін тест-драйв бағдарламасы аясында айдап көрді.

Tiggo желісіндегі ең кішкентай көлік болып табылатын CHERY TIGGO 2 үлкен «ағаларынан» қалысатын емес. Олардың қымбат дизайны мен техникалық мүмкіндіктерін үлгі еткен көлік жас жүргізушілерге, оның ішінде шопыр қыздарға арналғандай.
Сыртқы түрі бойынша, Basic пакеті өз дөңгелектерімен ерекшеленеді. Екі жақтағы айна жылытусыз, ал артқы бампер тұрақ сенсорларымен жабдықталған. Бірақ қауіпсіздік жастықтарының басқа көліктерден еш айырмашылығы жоқ, сатып алушыға толық функционалды ABS және EBD ұсынылады.

Көлік ішіне үңілсек, ыңғайлы құралдар тақтасы бірден көзге түседі. Алдыңғы буындағы идеяға сәйкес Tiggo 7 көлігінен алынған. Көз алдыңызда орналасқан спидометр мен тахометр көрсеткіш тілі қарама-қарсы бағытта жасалған, бұл біраз үйренуді қажет етеді. Ал бензин мен температура көрсеткіші электронды тұрғыда жасалған. Сондай-ақ, жүрілген қашықтық пен жанармай шығынын көруге болады. Айтқандай, көлік рөлі әдеттегі дөңгелек пішініндей емес, төменгі жағы қиылған. Бір қарағанда ыңғайсыз болып көрінуі мүмкін, бірақ көлік тізгінін ұстаған кезде тез үйреніп кетесің.
Жанармай жағынан аса талғампаз емес. Қалауыңыз бойынша А-92 мен А-95 жанармайын құйсаңыз болады.

Мультимедиялық құрал көлік айдағанда қолдануға жеңіл. Радио қоссамын десеңз, сүйікті толқынды бекітіп қоюға болады. Ұялы телефонды Bluetooth арқылы қосып немесе кабель арқылы жалғап, өз музыкаңызды қосып алсаңыз болады.
1,5 көлеміне қарамастан, көлік тізгіндегенде кондиционерді толыққанды қолдана аласыз. Салқын жел барлық жолаушыларға бірдей соғады.


Көлік өте ықшамды жасалған. Кез келген көліктің көзі іспетті жарық фаралары әдемі жасалған. Жүк салғышы бір қарағанда шағын болып көрінуі мүмкін, алайда оның іші өте кең. Көлемі 420 литрді құрайды.

Көліктің алдыңғы дөңгелектері ғана жетекші болғанымен тау-таста еркін әрі жеңіл жүреді. Тек құрастырушылар дыбыс изоляциясына аса мән бермеген секілді. Көлік жүргізгенде дөңгелектің қозғалысы қатты естіледі.

CHERY TIGGO 2 көлігінің негізгі артықшылықтары:

  • Ерекше сыртқы келбеті әрі стильді интерьері
  • Cloudrive функциясы бар заманауи медиа жүйесі
  • Жанармай тұтынудағы орташа шығын
  • Тиімді баға. Trade in бағдарламасы мен несие шарттары бар
  • Көлік түсінің көптігі қуантты

Көліктің қазіргі таңдағы бағасы 7 000 000 теңгеден басталады. Толық ақпаратты ресми сайттан алуға болады.

Сөз соңында!

CHERY TIGGO 2 көлігін қыз балалар мен әйелдер қауымына осы көлікті алуға кеңес берер едім. Әсіресе, бұл жүргізуші куәлігіне енді ғана ие болған жас жүргізушілерге арналған. Себебі, көліктің жүрісі жеңіл, аса шығынсыз, келбеті ықшамды жасалған. Отбасы мүшелерімен қыдырғанда, сауда жасауға барғанда, қала ішінде серуендеп жүргенде бұл көлік сенімді құрал бола алады