Coke Studio Festival Алматыда 28 мыңнан астам көрермен жинады
Coke Studio Festival Қазақстандағы барлық рекордтарды асырып жіберді. Еліміздің ең ірі стадионында алғаш рет сегіз сағаттық музыкалық марафонға 28 мыңнан астам адам жиналды. Алғаш рет бір сахнаға 5 жергілікті әртіс, ТМД елдеріндегі танымал 2 әртіс және әлемдік жұлдыз шықты. Әлемдік деңгейдегі диджей алғаш рет осы шараға арнап өз сетін шығарды. Көрермендер бір жарым сағат бойы билеп, керемет лазерлік және отты шоуды тамашалады.
«Алматы! Coca-Cola!», «Қазақстан, қолдарымызды көтерейік!» , — деп қазақстандықтардың сүйікті рэпері Jah Khalib, әлемдік электронды музыканың хедлайнері DJ Afrojack және басқа да жұлдыздар Алматы орталық стадионының сахнасынан Coke Studio Festival қонақтарын қарсы алды. Сонымен қатар фестивальда Alpha, Akha, Arshat, Ayau және Qanay сияқты әйгілі жергілікті топтар мен әншілер өз өнерлерін көрсетті. Адамдар сегіз сағат бойы үздіксіз музыка, керемет дыбыс, жарық шоуды тамашалады – бүкіл стадион сүйікті әртістерімен бірге ән салып, биледі.
Брендтің барлық жанкүйерлері үшін керемет мереке ұйымдастырылды. 2 қыркүйек күні сағат 14.00-ден бастап Орталық стадион алаңында көптеген ойын-сауық шаралары басталды. Олардың ішінде аквагрим, барабандарда ойнау, тегін жедел фото, ең әдемі күлкі үшін сыйлықтар, музыкалық қосымшаларға жазылымдар, кәдесыйлар және т.б. болды. Coca-Cola компаниясының қоғамдық тамақтандыру саласындағы 20-дан астам серіктестері жарқын киосктар мен кафелерде тамақ ішу орындарын ұйымдастырды.
«Біз барлық Coca-Cola және тамаша музыканы ұнататын жандарға мереке сыйлағымыз келді! Біз осы мақсатқа жеттік! Бүкіл стадион бірге ән айтып, фестиваль қонақтары шаттанып өз эмоциялармен бөлісті – біз үшін ол ең басты дәлел. Сондай-ақ біз сын айтқан жандарға алғысымызды білдіреміз және пікірлеріңізді болашақта ескеруге тырысамыз,» — деп Қазақстандағы Coca-Cola компаниясының үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Александра Аккирман өз ойын білдірді.
Мереке қонақтары «Мир без отходов» оқу-ойын-сауық аймағын да ұнатты. Бұл жерде Coca-Cola және брендтің эко серіктестері қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеудің маңыздылығы туралы айтып, қайта өңделген пластиктен салпыншақ жасау бойынша мастер-класс және тұрмыстық қалдықтарды дұрыс бөлу бойынша жарыстарды өткізді. Сондай-ақ, стадионда қайта өңделген пластиктен жасалған орындықтар қойылды. Фестивальдан кейін компания оларды қалаға сыйға тартты. «Пластик как искусство» көрмесі көрермендердің ерекше назарын аударды. Онда қайта өңделген пластиктен жасалған тұрмыстық заттар, киімдер мен жиһаздар ұсынылды. Ең үлкен кезектердің бірі екі велошредерге болды. Онда пластикалық сусын қақпақтары ұсақталды. Әрі қарай ұсақталған қақпақтар қайта өңдеуге жіберілді.
Көптеген Recycle Birge волонтерларының көмегімен фестиваль аумағында қалдықтарды бөлектеп жинау ұйымдастырылды. Фестивальда 50 мыңнан астам Coca-Cola және Bonaqua бөтелкелері тегін таратылды. Әртүрлі алкогольсіз сусындар тамақтану орындарында сатылды. Осы сусындардың барлық қаптамалары қайта өңдеуге жіберілді. Барлығы 815,5 килограмм қайта өңделетін қалдықтар жиналды.
Coca-Cola компаниясы Қазақстанда сусындардың пайдаланылған қаптамасын жинау мен қайта өңдеуді ұлғайту үшін «Содействие Устойчивому Развитию» орталығы, Recycle Birge, EcoSen, «Рокет Пластик» сияқты ұйымдармен белсенді түрде ынтымақтасады.
Фестивальдің барлық алаңдары сағат 23.00-ге дейін жұмысын жалғастырды. Ал қонақтар болса кеткісі келмей, концертті соңына дейін тамашалады. Концертке бара алмаған жандар үшін YouTube арнасында тікелей эфир жазылғанын хабарлаймыз. Концерттің толық емес жазбасын 8 қыркүйектен бастап «Coke Studio Kazakhstan» YouTube-арнасында көруге болады.