Cosnori жиынтығына шынайы шолу

Қаңтар айында Қазақстан нарығында сатылымға шыққан Cosnori косметикалық жиынтықты Nazarmedia.kz порталының журналисті Ғазиза Ұзақ алғашқылардың бірі болып иеленді. Назарларыңызға шынайы шолуды ұсынамыз.

Әп-әдемі қорапша ішінде тонер, эмульсия, ампула, ылғалдандыратын крем, микроинемен сарысу, тинт және шағын айна бар. Бұл жинақты бір айдай сыналды.

Жиынтық құрамындағы әрбір косметика теріні ылғалдандыруға, қалпына келтіруге және қорғауға арналған мұқият таңдалған ингредиенттер кіреді:

  • Пантенол – тез сіңеді, В5 витаминіне айналып, теріні тыныштандырады және серпімді етеді.
  • Аденозин және ниацинамид – әжімдермен күреседі, серпімділікті жақсартады және теріге сау жарқырау береді.
  • Какаду қара өрігі сығындысы – құрамында рекордтық мөлшерде С дәрумені бар қуатты антиоксидант.
  • Гиалурон қышқылы – лезде ылғалдандырады, қорғаныс қабатын түзеп, ылғалды жоғалтудың алдын алады.
  • Өзіндік су формуласы – тез сіңіп, жабысқақтық сезімінсіз ұзақ уақыттық ылғалдандыруды қамтамасыз етеді.

Қолдану тәжірибесіне келсек, күніне екі мәрте қолданылды. Таңертеңгі күтімнен кейін күнделікті макияж жасай беруге болатыны қуантты. Ал түнгі күтім кезінде тері одан әрі әрлене түсетіні байқалды.

Тонер мен эмульсия

Тонер теріні сергітіп, жабысқақтық қалдырмай тез сіңеді. Эмульсия жеңіл құрылымға ие және ылғалдандыру әсерін күшейтеді.

Ампула мен крем

Концентрленген ампула бет түсін жақсартып, теріні серпімді әрі жарқыраған етеді. Крем күтімді аяқтап, теріні күні бойы жұмсартып, ылғалдандырады.

Микроинелі сарысу (PRDN-shot 675)

Бұл инновациялық өнім тұрақты қолданғанда тері құрылымын шынымен жақсартады. Ұсақ әжімдерді тегістеп, тесіктерді аз байқалатын етеді, теріге сау жарқырау береді. Жағып болғаннан кейін жеңіл шаншу сезілуі мүмкін, бірақ нәтиже оған тұрарлық.

Ерінге арналған тинт

Майлы, жеңіл құрылымы табиғи реңк беріп, біркелкі жағылады. Төзімділігі жоғары, ал ылғалдандырушы компоненттердің арқасында еріндер күні бойы жұмсақ күйінде қалады.

Қорытынды

Бұл жиынтық – ғылыми зерттеулер мен табиғи ингредиенттердің сәтті үйлесімі. Өнім шынымен жұмыс істейді: тері ылғалданған, тегіс, жарқыраған және күтімді көрінеді. Әсіресе, тонер мен кремнің ылғалдандыру қасиеттері, сондай-ақ микроинелі сарысудың айқын әсері ұнады. Қосымша артықшылық – зиянды химиялық қоспалардың болмауы: косметика гипоаллергенді, жануарларға сыналмаған және күнделікті қолдануға жарамды.

Құрамында артық химиялық қоспалар жоқ, сапалы әрі тиімді күтім іздегендерге ұсынылады. Қазіргі нарықта тері күтіміне арналған көптеген өнімдер бар, бірақ олардың барлығы күткен нәтиже бере бермейді. Ал Cosnori жиынтығы өз бағасына лайықты әрі сапалы косметика екеніне көзіміз жетті.

Бұл жиынтықты тиімді бағамен ресми серіктесі Asian Cosmetics дүкенінен сатып алуға болады.

Telegram-канал: Жарқыраған теріге мінсіз күтім!