Дактилоскопия мен дактилоскопиялық сараптаманың заманауи мүмкіндіктері

Халықаралық байқауының салтанатты марапаттау рәсімі

2024 жылғы 28 қарашада ҚазҰУ Әл-Фараби атындағы кітапханасында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының сарапшы-криминалист студенттік ғылыми үйірме ұйымдастырған «Әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету» Тұрақты даму мақсатының 4-тармағын іске асырубарысында «Дактилоскопия мен дактилоскопиялық сараптаманың заманауи мүмкіндіктері» халықаралық байқауының салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Байқау 2024 жылдың 22 қазаны мен 2 қарашасы аралығында екі кезеңде өтті. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты студенттердің болашақ кәсіби қызметіне деген қызығушылығын арттыру және жоғары білім мен ғылыми жетістіктерді көрсету болды. Байқауға Қазақ ұлттық Аграрлық Зерттеу университеті, Санкт-Петербург кәсіподақтар гуманитарлық университеті (филиал), Қонаев университеті, «Тұран» университеті және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттерден 175-тен астам студент қатысты.

Байқау екі кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде қатысушылар берілген дактокарта бойынша саусақ ізін зерттеудің жалпы белгілерін анықтап, оларды сипаттауы керек, ал екінші кезеңде екі дактокартаның қайсысы материалдық дәлелдемелер объектілерінен (ОБЖ) алынған саусақ ізіне жататынын анықтауы керек.

Байқаудың мақсаты: Қазақстан Республикасының дактиласкопиялық зерттеуге қатысты  өз үлестерін қосуы үшін жас ғалым-студенттедің білімін шыңдау.

Жеңімпаздарға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессоры, PhD докторы Қ Аратұлы  I, II және III дәрежелі дипломдар табыс етілді.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға дактиласкопиялық зерттеуге  қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдіреді.

С.Ш. ДАУБАСОВА,

Заң факультеті Қылмыстық құқық,

қылмыстық іс жүргізу және криминалистика

кафедрасының аға оқытушысы,

«Сарапшы-криминалист»

студенттік ғылыми үйірме жетекшісі