«Даму, инновациялар және ашықтық: жаңа дәуірде Қытайды жаңғыртуға қол жеткізу» көрмесін ашылды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығымен ынтымақтастық аясында «Даму, инновациялар және ашықтық: жаңа дәуірде Қытайды жаңғыртуға қол жеткізу» көрмесін ашты. Бұл іс-шара музейдің ҚХР консулдығымен жемісті өзара іс-қимылының 20 жылдан астам дәстүрін жалғастырып, Қытайдың тарихы, мәдениеті мен өнеріне арналған мәдени байланыстарды дамытуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.

Алғашқы сөз  ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Ерімқызы Хариповаға берілді. Музей басшысы Қытай Халық Республикасы қазіргі күні ел дамуының барлық саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, жалпы ұлттық әлеуетін нығайта білгенін айта келіп, қос ел арасында достық байланыстардың дамып келе жатқанын және оны көрмеге қойылған кейбір фотосуреттер растайтынын атап өтті.

Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Цзян Вэй ханым сөз алып, мәдениеттің түрлі аспектілеріне арналған жобаларды жүзеге асыру арқылы келушілерді Қытайдың бай тарихымен, мәдени дәстүрлерімен және заманауи дамуымен таныстыруға мүмкіндік туғызған музей ұжымына зор алғысын білдірді. Шара барысында қытайтанушы Кәукенов Әділ Серікұлына да сөз беріліп, ол өз кезегінде Қытай бала күтімін, білім беру қызметтерін, жұмыспен қамтуды, медициналық қызмет көрсетуді және зейнетақымен қамсыздандыруды, қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етіп,  халықтың осал топтарын қолдауда елеулі жетістікке қол жеткізе отырып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға басымдық беріп отырғанын айтты.

60 астам фотопанельді қамтитын «Даму, инновациялар және ашықтық: жаңа дәуірде Қытайды жаңғыртуға қол жеткізу» көрмесі Қытайдың соңғы жылдардағы (2012-2024 жж.) түрлі салалардағы жетістіктері мен жаңғыру үдерісін, халықаралық ынтымақтастық саясаты мен дамуын айқын көрсетеді (2024 ж. 4 шілдеде Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысы өтті, онда 26 қорытынды құжат қабылданды). Фотосуреттер Қытайдың экономикалық дамуы, ғарыш, су асты және авиация салаларындағы («Тяньвэнь» және «Чанъэ» бағдарламалары ғарыштың шексіз кеңістігін зерттейді, «Фэндоучжэ» және «Шэньхай-1» аппараттары теңіз тереңдіктерін бағындырды, ал «Айда-Моду» және ірі кең фюзеляжды C919 авиалайнері Қытай өндірісінің қарқынын дәлелдеді) жетістіктерін паш етті. Қытайдың басты жетістіктерінің қатарына көлік жабдықтары мен техникасын, жаңа энергия көздерін тұтынушы автомобильдерді, литий батареяларын және күн панельдерін дамыту кіреді. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы ынтымақтастық шеңберінде, 2023 ж. Астанаға Қытайда шығарылған Yutong автобустарының партиясын тапсыру рәсімі өткен болатын.

Келушілер сонымен қатар өнеркәсіптің, роботатехниканың және цифрлық өндірістің дамуымен, медициналық технологиялармен, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет саласындағы жетістіктермен танысты. Фотосуреттер Қытайдың бай мәдени және табиғи мұраларының қазыналарын көрсетті (2024 ж. Қытайдың Дүниежүзілік мұра нысандарының саны – 59-ға жетті).