Даркнетте 20 мың долларға дипфейк-бейнелерді жасау қызметтері ұсынылады
«Kaspersky» сарапшылары даркнеттегі бірнеше форумдарда — орыс тілді және халықаралық — дипфейк-роликтерді жасау бойынша қызмет ұсыныстары бар хабарландыруларды талдады. Жарияланған хабарламаларға сүйенсек, мұндай бейненің бір минутын жасау құны 300-ден 20 мың АҚШ долларына дейін құрайды.
Мұндай технологияларды жеке адамдарға да, компанияларға да шабуыл жасау үшін пайдалануға болады.
Дипфейктер әртүрлі мақсаттарда ― скам схемаларында, саяси манипуляцияларда, кек алуда және кибербуллингте қолдану үшін жасалуы мүмкін. Сонымен қатар, бүгінгі күні шынымен сенімді жалған заттарды жасау үшін техникалық тәжірибе мен заманауи бағдарламалық қамту қажет. Даркнеттегі тиісті қызметтер мен құралдарға сұраныс ұсыныстан едәуір асып түседі. Дипфейктерді жасау немесе сатып алу бағасы жобаның күрделілігіне және түпкілікті өнімнің сапасына байланысты өзгеруі мүмкін.
Талданған хабарламалардың едәуір бөлігі криптофрод үшін дипфейк жасау қызметтерін ұсынады. Біз криптостримдер немесе жалған криптовалюта ұтыс ойындары туралы айтып отырмыз. Бұл танымал скам-схема, онда алаяқтар көрермендерді оларға криптовалюта аударуға шақырады. Алаяқтар бұл үшін атақты тұлғалар көрсетілген жалған бейнелерді пайдаланады немесе әлеуметтік медиа платформаларында тікелей эфирді бастау үшін ескі жазбаларды біріктіреді. Олар әдетте жіберілген төлемді екі есе көбейтуге уәде береді. Егер адам алаяққа сенсе, онда үлкен ақша жоғалту қаупі бар.
Даркнеттегі сатушылар сонымен қатар порнографиялық бейнелер жасау қызметтерін ұсынады, ал кейбіреулері осындай бейнелерді жасау үшін нұсқаулар әзірлейді. Өкінішке орай, мұндай дипфейктер, соның ішінде қудалау және бопсалау үшін пайдаланылуы мүмкін.
«Дипфейк технологиясының өзі жаман да, жақсы да емес. Адамдар оларды қалай және қандай мақсатта қолданатыны маңызды. Біз алаяқтардың оларды әртүрлі алаяқтықтарды, соның ішінде қаржылық алаяқтықты жасау үшін көбірек қолданатынын көреміз. Технология дамып, қол жетімді бола бастаған сайын, компаниялар мен жеке пайдаланушылардың дипфейктерге байланысты цифрлық шабуылдардан қорғану үшін белгілі бір қадамдар жасауы өте маңызды. Бүгінгі таңда қорғаудың негізгі ережесі-желідегі кез-келген ақпаратқа сын көзбен қарау және цифрлық сауаттылықты арттыру. Дипфейктер компанияларға бағытталған шабуылдарда қолданылуы мүмкін екенін ескере отырып, бизнес қызметкерлерді интернеттегі қауіпсіз тәртіп негіздеріне үйретуге көбірек назар аударуы керек. Жеке пайдаланушыларға фишингтік немесе скам-ресурсқа көшуге мүмкіндік бермейтін қорғаныс шешімдерін пайдалануды ұсынамыз», ― деп түсіндіреді «Kaspersky»-дің жетекші деректер зерттеушісі Владислав Тушканов.
Киберқауіптерден қорғану үшін «Kaspersky» компанияларға мыналарды ұсынады:
- сіздің компанияңызда қандай киберқауіпсіздік шаралары бар екенін тексеріңіз; мұнда тек қорғаныс шешімдері туралы ғана емес, сонымен қатар IT-мамандарының қандай дағдылары бар екені туралы сөз болып отыр.
- Бизнеске қандай қауіп төндіретінін түсіну үшін Kaspersky Threat Intelligence пайдаланыңыз;
- қызметкерлердің дипфейктердің не екенін және неге бұл үлкен қауіп екенін білетініне көз жеткізіңіз, оларды қалай тануға болатындығы туралы үнемі тиісті оқыту жүргізіңіз. Kaspersky Automated Security Awareness платформасы цифрлық сауаттылық деңгейін арттыруға көмектеседі;
- дипфейктердің негізгі белгілері мыналар екенін біліңіз: бұрмаланған қозғалыстар, жарықтандырудың бір кадрдан екіншісіне өзгеруі, тері өңінің өзгеруі, біртүрлі жыпылықтау немесе толық жыпылықтамауы, ерін қозғалысы сөйлеумен нашар үндескен, суреттегі бұрмаланулар, бейне әдейі төмен сапамен кодталған және нашар жарықта түсірілген.
Kaspersky Digital Footprint Intelligence қызметі даркнет ресурстарын мониторингтеуге және дипфейк индустриясы туралы құнды түсініктерді жинауға мүмкіндік береді, бұл зерттеушілерге осы бағыттағы соңғы үрдістер мен әрекеттерді бақылауға, контрафактілерді жасау және тарату үшін қолданылатын жаңа құралдарды, қызметтерді және нарықтарды табуға мүмкіндік береді.