Декандар мектебі: Министр Саясат Нұрбек білім саласындағы өзгерістер туралы айтты
NU Жоғары білім беру мектебі әзірлеген «Декандар мектебі» академиялық көшбасшылық бағдарламасы бойынша Қазақстанның 33 жоғары оқу орнынан 78 факультет басшылық өкілдері білім алуда. 12-15 қараша аралығында екі модульде сарапшылармен бірге білім беру ұйымдарын стратегиялық жоспарлау және тиімді басқару мәселелері талқыланды. Сонымен қатар стратегиялық жоспарларды әзірлеу мен жүзеге асыруды, қаржылық және ресурстарды басқару әдістерін дұрыс қолдануды үйренді. Негізгі баяндамашы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек болды.
«Біз ашық форум – 34 шетелдік университет өкілдерінен тұратын халықаралық кеңесін құрдық. Сапа, зерттеу және этика стандарттарын, ғасырлар бойы қалыптасқан тәжірибесін тікелей бірлесіп жұмыс істеуге және қабылдауға мүмкіндігіміз бар. Біз түбегейлі қайта құру кезеңіне аяқ басып отырмыз. Министрлік алдында үш міндетті қойып отырмыз: біріншісі – осы серіктестіктер арқылы Қазақстанды академиялық және ғылыми орталық ретінде құру; екіншісі – мемлекеттік университеттерді халықаралық зерттеу университеттеріне айналдыру, үшінші міндет – технологиялар трансферті үшін осы платформаларды пайдалану», — деді министр Саясат Нұрбек декандар алдында сөз сөйлеп.
Модульдердің бірі өзгерістер жағдайындағы көшбасшылық пен басқаруға арналды. NU сарапшылары білім берудегі жылдам өзгерістерге қалай бейімделу, тәуекелдерді басқару және білім беру бизнес-процестерін айтып берді. Вице-провост, NU Жоғары білім мектебінің (GSE) деканы Аида Сағынтаева, сондай-ақ NU президенті доктор Вакар Ахмад басқару тәжірибесімен бөлісті.
«Университеттер күрделі мәселелерді шешетін және сыни тұрғыдан ойлайтын адамдардан тұрады. Егер сіз оларды басқаруға тырыссаңыз, сіз сәтсіздікке ұшырайсыз, өйткені бұл ақылды адамдар қатаң нұсқауларды орындамайтын жандар. Менің жұмысым — ең жақсы таланттарды табу және оларды қамтамасыз ету. Жақсы көшбасшы адамдарға өз мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді, ал менің рөлім оларға бұл үшін мүмкіндіктер жасау”, – деді қатысушылардың сұрақтарына жауап берген NU президенті, профессор Вакар Ахмад.
NU вице-президенті Асель Увалиева мен Ахмет Ясауи университетінің қауымдастырылған профессоры Молдияр Ергебеков серіктестік құру және ресурстарды жұмылдырудағы коммуникациялық стратегияның маңыздылығы туралы сессия өткізді. Арнайы қонақ, шетелдік білім беру сарапшысы Венера Байжігіт қатысушыларға әлеуметтік желілерде жеке брендті қалай құруға болатыны туралы шеберлік сабағын өткізді. Коджаели денсаулық және технология университетінің (Түркия) ректоры Музаффер Элмас деректерге негізделген стратегиялық жоспарлау үшін мониторинг және бағалау жүйелері туралы ақпаратпен бөлісті.
Бағдарламаның бөлек күні «Декандар күніне» арналды. Онда қатысушылар NU Жоғары білім беру мектебі, Медицина мектебі, Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі сияқты әртүрлі NU мектептерінің күнделікті жұмысымен танысуға мүмкіндік алды. Сондайық, басқару құрылымы, ресурстарды пайдалану стратегиялары және ұйымдық мәдениеті туралы да білді.
Бағдарлама іске қосылған 25 қыркүйектен бері бес модуль өткізілді – екеуі NU-да және үшеуі Түркістандағы Ахмет Ясауи университетінде. Бағдарлама аясында 18-22 қараша аралығында Шанхай педагогикалық университетінде (SHNU) халықаралық бес күндік модуль өтеді. Қатысушылар жоғары білімді басқарудың халықаралық тәжірибесі мен зерттеулерінде құнды тәжірибе алады. «Academic Leadership Institute: Deans’ School» бағдарламасының соңғы екі модулі: ғылыми зерттеулерді басқару және институционалдық мәдениет және этика бойынша 3-6 желтоқсанға жоспарланған. Қорытынды кезеңде қатысушылар өз факультеттерін дамытудың жол картасын ұсынады. Бағдарлама 6 желтоқсанда сертификатты тапсыру рәсімімен аяқталады.