Демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы айтылды

Жаз мезгілінде балалардың қауіпсіз сауығуы мен демалысын ұйымдастыру  мақсатында Астана қаласы білім басқармасы тиісті жұмыстарды атқаруда.

1 маусымнан 10 тамызға дейін білім беру ұйымдарында жазғы алаңдар жұмыс істеп келеді. Басқарма биылғы жазда 206 468 баланы,  яғни оқушылардың 96%-ын демалыспен қамтуды жоспарлап отыр.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру екі бағыт бойынша жүргізіледі – сауықтыру және жұмыспен қамту. Бірінші бағыт – балаларды сауықтыру және демалу. Бүгінгі таңда қаланың білім беру ұйымдарының базасында оқушылардың қызығушылығына қарай бейіндік лагерлер, спорттық, археологиялық лагерлер мен «Саржайлау» этнолагері жұмыс істейді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік білім беру ұйымдарының барлығына бейнебақылау және дабыл түймелері орнатылған. ТЖД, полиция және денсаулық сақтау қызметкерлерімен бірлесіп персоналды оқыту өткізілген.

Осы жылы 84 білім беру ұйымында жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1 балаға 130 мың мөлшерінде аз қамтылған отбасылардан шыққан 4 235 балаға арналған қаладан тыс сауықтыру лагерьлеріне жолдамалар сатып алуға конкурстық рәсімдер өткен.

 Екінші бағыт – жазғы кезеңде балаларды жұмыспен қамту. Басқарма 200 519 баланы жаз мезгілінде жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. Жұмыспен қамту бағыты бойынша 43 417 баланы қамтитын 116 іс-шара өткізу жоспарланған. Шығармашылық жұмыспен қамту бағыты бойынша  99 360 баланы қамти отырып, 300-ден астам іс-шара өтеді. Спорттық-туристік жұмыспен қамту бойынша 3 330 баланы қамтитын 483 іс-шара, зияткерлік жұмыспен қамту бойынша 4 848 баланы қамтитын 11 іс-шара өткізу жоспарда бар.

Балаларды сауықтыру демалысымен, бос уақытымен және жұмыспен қамтумен жоспарлы қамтуды, оның ішінде аз қамтылған, көп балалы, әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан балаларды 100 пайыз қамтуды қамтамасыз ету бойынша:

Азаматтарды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша кәмелетке толмағандарға да мақсатты жұмыс жүргізілуде. Оқушылар мен студенттер үшін:

— жоғары сынып оқушыларына және оқудан бос уақытта студенттерге арналған «Қоғамдық жұмыстар» жобасына қатысу. Ағымдағы жылдың маусым айының басынан бастап 134 оқушы қамтылды, оның ішінде жоғары сынып оқушылары — 83, студенттер — 51.

— жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларының әлеуметтік кәсіптік бағдар алады. Ағымдағы жылғы 20 маусымдағы жағдай бойынша 1 289 адам кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Бұдан басқа, елордада 13 қосымша білім беру ұйымында 4 230 баланы қамтитын күндізгі демалыс лагерлері, қолданбалы өнер, шет тілдерін үйрену, жүзу бойынша қысқа мерзімді хобби-клубтар жұмыс істейді.  Балаларды бұқаралық спорт түрлерімен айналысуға тарту үшін белсенді спорт түрлері бойынша да, зияткерлік спорт түрлері бойынша да 1 183 балалар секциясы бар.