Дене белсенділігі

Қазір Біз технологиялардың қарқынды дамып жатқан заманында өмір сүріп келеміз және біздің айналамызда әртүрлі технологиялық жабдықтар қоршап жатыр. Сонымен қатар, адамдар көбіне отыру өмір салтын жүргізетіндіктен адамдар аз қозғалады. Мәселен, қазіргі кезде ересекетер мен балалар электрлік велосипедтер мен самокаттарды жиі қолданады, сондай-ақ, компьютердің алдында ойындар ойнап көп уақыттарын өткізеді, сәйкесінше қозғалыс ритмдері аз. Соның салдарынан оларда қозғалыс белсенділігінің және бұлшық еттерінің жиырылу күшінің төмендеуі –гиподинамия дамиды.
Гиподинамия – жүрек-тамыр жүйесі ауруларының, әсіресе инсульт, семіздік, қант диабеті, остеопороз және басқа да аурулардың дамуына себепкер болады.
Гиподинамияның дамуын болдырмау үшін қарапйым қағйдаларды ұстаныңыз:
- белсенді қозғалу керек, мысалы көбірек жаяу жүру;
- көп қозғалуға тырысыңыз;
- баспалдақпен жаяу жоғары көтеріліңіз және төмен түсіңіз;
- жұмысқа баратын жолдың бір бөлігін жаяу жүруге немесе жұмыстан жаяу қайтуға тырысыңыз;
- егер сіз көлікпен жүрсеңіз, қосымша 100-200 метр жаяу жүру үшін көлікті алшақтау тұраққа қойыңыз;
- балаларыңыздың белсенді ойындарына қатысыңыз;
- дүкенге барғанда және қайтқанда жаяу жүріңіз;
- қарапайым денешынықтыру жаттығуларын жасаңыз;
- табиғатта жиі болыңыз.
Есіңізде болсын, Сіздің денсаулығыңыз өзіңіздің қолыңызда және денсаулығыңызды нығайту өзңізге байланысты!
Самат Ахметов,
Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары.


