«Дос-Мұқасан» ансамбліне 55 жыл!
«Дос-Мұқасан» ансамблінің құрылғанына 55 жыл толуына орай аты аңызға айналған ұжым гастрольдік сапардан оралды. Желтоқсан айында Оңтүстік Астанадан бастау алған турне еліміздің 14 қаласында ұйымдастырылды. Ал 6 маусым күні әйгілі ансамбль қорытынды мерекелік концерт Алматы қаласындағы Республика сарайында болады.
Ансамбль құрылған сәттен бастап, оның құрамы бірнеше мәрте өзгерді. Ұжым тарихында 30 музыкант өнер көрсетті. Өкінішке орай, Бақыт Жұмаділов, Құрманай мен Шәріп Омаровтар, Мұрат Сарыбаев, Камит Санбаев секілді біртуар азаматтар өмірден озды. Алайда олардың ғажайып дауыстары мен салған әндері ел жадында мәңгілікке қалды. Ұлттық өнерімізді дәріптеп жүрген ансамбльдің репертуарында 300-ден астам ән бар.
Жарты ғасыр бұрын қазақ өнер тарихында жаңа серпіліс әкелген ансамбль әлемнің бірқатар елінде болып, қайталанбас дауысымен талайды тамсандырды. Концертте заманауи бағытта өңделген ескі әндер мен жаңа әндер шырқалады.
«Репертуарымызды жаңа әндермен толықтырдық, көпшіліктің сүйікті әндеріне айналған әндердің қайта жаңғырттық. Гастрольдік сапар кезінде концертке үлкен-кіші көрермендердің барлығы жиылып, бізбен бірге ән салды. Тіпті, кішкентай ғана қыз бала біздің суретімізді салыпты. Мектеп оқушысының осындай тосын сыйына разы болдық», — дейді ансамбльдің жетекшісі Мұрат Құсайынов.
Ансамбль әндеріне бірнеше буын өсіп келеді. Өткен жылы «Дос-Мұқасан» атты фильм жарық көріп, үздік кинотуындылардың қатарында көрінді.