Дубай экономика және туризм департаменті Алматыда туристік мүмкіндіктерді таныстырды
Алматыда өткен іс -шарада Дубай экономика және туризм департаменті (DET) 2023 жылғы қалаға келушілердің рекордтық көрсеткіштері туралы хабарлады. Осы орайда, Қазақстаннан келетін туристік ағынның өткен жылмен салыстырғанда 19% — ға артқаны атап өтілді, өз кезегінде, бұл Дубай мен Қазақстан арасындағы берік туристік байланыстардың дамуын көрсетеді.
Дубайға халықаралық туристік ағын да өсуде. 2023 жыл Дубай үшін рекордтық жыл болды — әмірлік 17,15 миллион шетелдік туристті қабылдады. Бұл үрдіс 2024 жылы да жалғасуда, қаңтардан маусымға дейін Дубайға 9,31 миллион шетелдік турист келді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9% — ға өсті.
DET Қазақстаннан келетін туристер санының, әсіресе 2023 жылдың жазында айтарлықтай өскенін атап өтті: туристік ағын 2022 жылмен салыстырғанда 24% — ға және 2019 жылдың жазымен салыстырғанда 84% – ға өсті. 2024 жылы Қазақстаннан келетін туристер санының өсуі жалғасуда: жылдың алғашқы алты айында келушілер саны 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9% — ға өсті, бұл Дубайдың танымалдылығының артқанын және елдің туристік индустриясының табысты дамуын көрсетеді. Ал Дубай, Астана, Алматы және Шымкентті байланыстыратын тікелей әуе қатынасы қалалар арасындағы байланысты одан әрі нығайтады.
«Қазақстан Дубай үшін маңызды және перспективалы нарық болып табылады және біз 2023 жылы қазақстандық туристер санының 19% — ға өскеніне қуаныштымыз. Бұл екі аймақ арасындағы байланыстардың нығаюын көрсетеді және Дубайдың жетекші туристік бағыт мәртебесін растайды. DET туристік инфрақұрылымды дамыту және қазақстандық саяхатшыларда ерекше әсер қалдыру бойынша жұмысты жалғастыруда. Дубайда біз Қазақстаннан келген әрбір саяхатшыны ұмытылмас әсер, жайлы және қауіпсіз демалыспен қамтамасыз етуге тырысамыз», — деді Дубай экономика және туризм департаментінің Өңірлік даму бағытының басшысы Бадер Әли Хабиб.
Дубайдың жоғары көрсеткіштері халықаралық деңгейде де танылды: 2024 жылдың басында қала TripAdvisor Travellers ‘ Choice Awards нұсқасы бойынша бойынша қатарынан үшінші рет үздік туристік бағыттар тізімінде бірінші орынды иеленді.
Дубай жаңа көрікті жерлерді ашу және әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тартатын түрлі іс-шараларды өткізу арқылы жаһандық демалыс және ойын-сауық орталығы ретіндегі беделін нығайтуды жалғастыруда. Соңғы маңызды оқиғалардың бірі — Dubai Parks and Resorts-та Real Madrid World тақырыптық саябағының ашылуы. Бұл өткен жылдың қазан айында DET пен Real Madrid арасында қол қойылған ұзақ мерзімді келісімнің арқасында мүмкін болды, ол екі ұйымның дамуына жаңа перспективалар ашады және Дубайдың экономикалық бағдарламасының (D33) мақсаттарын қолдайды.
Сонымен қатар, Дубайдың гастрономиялық әлеуеті дамып келеді және қаланың туристік стратегиясының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Әмірлік әлемдік гастрономиялық орталық мәртебесіне ие болды. Жыл сайын Дубайдағы мейрамханалар «Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы ең жақсы 50 мейрамхана» және «Мишлен нұсқаулығы» сияқты беделді рейтингтерге кірді. Биылғы жылдың шілде айында қалада Мишлен нұсқаулығының үшінші рәсімі өтті.
Жазғы маусымда Дубайдағы 100-ден астам қонақүйлер Kids go Free арнайы акциясын ұсынады, онда 12 жасқа дейінгі балалар қонақүйлерде тегін тұрады және тамақтана алады, сонымен қатар кейбір көрікті жерлерге де тегін барады.
Сондай-ақ, осы жазда қалада дәстүрлі түрде жылдың ең үлкен жыл сайынғы іс — шараларының бірі — Dubai Summer Surprises шопинг фестивалі өтеді. 28 маусым мен 1 қыркүйек аралығында Дубай қала қонақтары мен тұрғындарына керемет жеңілдіктер, арнайы ұсыныстар мен мәдени іс-шаралар ұсынады. Қысқы маусымда Шопинг фестивалі 13 желтоқсан мен 19 қаңтар аралығында өтеді.
2024 жылы өтетін БАӘ-нің Тұрақтылық жылы аясында Дубай жаһандық және ұлттық мақсаттарды қолдай отырып, өзінің тұрақты дамуға деген адалдығын көрсетуді жалғастыруда. Қаланың экологиялық стратегиясын көрсететін бағдарламалар мен жобаларды енгізу арқылы туризм және қонақжайлылық секторы осы процесте шешуші рөл атқарады. Осындай жобалардың бірі — «Refill for Life» науқанын ұсынған Dubai Can. Осы жобаның арқасында екі жыл ішінде көлемі 500 мл пластикалық бөтелкелерді пайдалану 18 миллионға азайды. Dubai Сan бағдарламасының аясындағы екінші жоба – Dubai Reef. Бұл әлемдегі ең ірі теңіз рифі жобасы және Дубайдың балық қорын ұлғайту және аймақтың теңіз биоәртүрлілігін арттыру бойынша жұмысының бір бөлігі.