Дүниежүзілік денсаулық күнінің маңызы аталып өтті

Репродуктивті денсаулықты қорғау – бұл әйелдер мен балалардың денсаулығын сақтау мақсатында жүктілікке дайындықтан бастап нәрестеге күтім көрсетуге дейінгі кешенді шаралар жиынтығы. Бұл ретте бала көтеруге дейінгі дайындықтың маңызы зор: медициналық тексеруден өту, зиянды әдеттерден бас тарту, дәрумендер қабылдау және генетикалық кеңес алу арқылы қауіп-қатерлердің алдын алуға болады.
Сау жүктілік тұрақты медициналық бақылауды, дұрыс тамақтануды және эмоционалдық қолдауды қажет етеді. Мұндай жүйелі көзқарас жүктілік кезіндегі асқынулардың алдын алуға және ұрықтың дұрыс дамуына ықпал етеді.
Бала туылғаннан кейін ана мен нәрестенің ерте байланысын қамтамасыз ету, емізуді бастау және медициналық тексерулер жүргізу маңызды. Ана сүті иммунитетті нығайтып, баланың дамуына оң әсер етеді және қажетті барлық заттармен қамтамасыз етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) алғашқы алты айда тек ана сүтімен қоректендіруді, әрі қарай қосымша тағаммен бірге кемінде екі жасқа дейін жалғастыруды ұсынады.
Екпе инфекциялық аурулардың алдын алудың ең тиімді тәсілдерінің бірі болып қала береді. 2025 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанда адам папилломасы вирусына (HPV) қарсы вакцина егу күнтізбесіне енгізіледі. Бұл – жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алудың жалғыз тиімді жолы.
Репродуктивті денсаулықты кешенді қорғау – бұл медициналық және ақпараттық-ағартушылық бағдарламалардың үйлесімді жұмысын және азаматтардың өз денсаулығына, сондай-ақ болашақ ұрпақтың амандығына жауапкершілікпен қарауын талап ететін маңызды бағыт.