Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінде КБКБ кеншілері баспаналы болды
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні мен Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында ERG («Қазақстан алюминийі» АҚ) Алюминий дивизионының құрамындағы Краснооктябрь боксит кен басқармасының қызметкерлері пәтер кілттерін алды. Кеншілердің үйді ERG-дің тұрғын үй бағдарламасының арқасында отбасы банкінен бастапқы жарнасыз алған. Корпоративтік бағдарлама бойынша баспанының шаршы метрінің құны небәрі – 133 мың теңге.
Бұл күні 15 отбасы үйлі болды. Олардың дені тапшы мамандар, жас және перспективтік қызметкерлер мен әлеуметтік осал санатқа жататын әріптестеріміз.
КБКБ директоры Манарбек Нұрмаған:
«ERG өз қызметінде әрдайым әлеуметтік бағыт қағидаларын ұстанады. Біздің тұрғын үй бағдарламамыз – қызметкерлердің өмір сүру сапасын арттырудың тиімді құралдарының бірі. Ең бастысы, кеншілердің пәтерді қол жетімді бағамен алу мүмкіндігі бар. Жеке баспанасының болуы бұл жайлылық, тыныштық және ертеңгі күнге деген сенім»
Бағдарламаның тиімділігі неде?
Бағдарлама жалдау-жинақтау тетігі бойынша жұмыс істейді. Алғашқы 5-8 жыл ішінде (төлем қабілеттілігіне байланысты) қызметкер пәтерде тегін тұрады, бірақ осы кезеңде ол Отбасы банкіндегі депозитінде тұрғын үй құнының 50%-ын жинақтауы тиіс. Осы шарт орындалған соң отбасы банкі қызметкерге қаражаттың қалған 50%-ын тұрғын үй займы ретінде береді. Бұл ретте несиелендіру мөлшерлемесі жылдық 5% — дан аспайды. Сатылатын пәтерлердің бір шаршы метрі – 133 мың теңге деңгейінде белгіленеді. Бұл Лисаковск қаласындағы тұрғын үй нарығындағы пәтерлердің құнынан төмен.
– Еңбек адамдарына жаңа пәтер кілттерін тапсыру – зор қуаныш пен абырой. ERG әлеуметтік бағдарлы компания болғандықтан сатылатын пәтерлердің бағасы Лисаковскідегі тұрғын үйдің нарықтық құнынан айтарлықтай төмендеді. Жеке тұрғын үй – көптеген қазақстандықтардың арманы. Бірақ, біздің бірлескен бағдарламамыздың арқасында оған бастапқы жарнасыз және өте тиімді шарттармен қол жеткізуге болады, — деп атап өтті «Отбасы банк» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры Әсел Асқарова.
– Бүгін менің отбасым үшін өте қуанышты күн, – деді КБКБ Красногор кенішінің самосвал жүргізушісі Олег Мулдияров. – Пәтер кілттерін алу – нағыз бақыт. Бұл жаңа жайлы өмірге кілт алумен бірдей. Кәсіпорында 11 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Осы жылдар ішінде мен Новоильиновка ауылында да тұрдым. Енді менің отбасым үшін Лисаковск қаласында өмірдің жаңа кезеңі басталады. Жақсы шағын аудан, жаңа үй, үлкен жайлы бөлмелер, көше бойында мектеп пен балабақша бар. Менің екі балам бар және біздің жайлы өмірімізге барлық жағдай жасалған. Мен өз үйіме ие болғаным үшін ERG компаниясына ризамын. Мен алдағы уақытта да кәсіпорынның игілігі үшін жұмыс істеймін және жұмыстан алған жаңа пәтеріме қуана ораламын.
Естеріңізге сала кетейік, ERG тұрғын үй бағдарламасы 2009 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Тек соңғы 3 жылда алюминий дивизионының қызметкерлері арасынан 301 әріптесіміз баспаналы болған.