Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы: Қазақстан құрамалары жарысқа түсті
Будапештте 10-23 қыркүйек аралығында өтетін 45-ші шахмат олимпиадасы басталды. Шахмат әлемінің маңызды жарыстарының бірі саналатын бұл олимпиадаға Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары қатысады.
Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы әр екі жыл сайын өтетін, Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) «Gens Una Sumus» («Біз – бір отбасы») деген ұранын растайтын, әртүрлі елдерден келген шахматшыларды бір шаңырақ астында жинайтын жарыс. Биылғы олимпиада қатысушы командалар саны бойынша рекорд орнатты: ашық (ерлер) жарыста 197 команда, ал әйелдер жарысында 184 команда тіркелді.
Жарыс алдында құрамалар мүшелеріне сәттілік тілеп, қолдау білдіру мақсатымен Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов құттықтау хатын жолдады. «Қазақстан шахматшылары әлемдік жарыстарда ел намысын абыроймен корғап келеді. Бұл жолы Олимпиададан да оң нәтижемен оралары күмәнсіз. Өйткені ұлттық құрама сапындағы спортшыларымыздың дені – халықаралық додаларда талай мәрте топ жарып, көк Туымызды көкте желбіреткен шеберлер. Айтулы дода оларға сәттілік тілей отырып, Қазақ елі тұтастай қолдау көрсетіп, жанкүйерлік ететінін еске салғым келеді», деді министр үндеуінде.
45-ші шахмат олимпиадасында Қазақстан намысын елдің ең мықты шахматшылары қорғайды: ерлер құрамасының бес мүшесі (орташа рейтинг — 2513, № 41): GM Денис Махнёв (2551), GM Қазыбек Нөгербек (2519), GM Рамазан Жалмаханов (2497), GM Әлішер Сүлейменов (2484), IM Алдияр Ансат (2457) және әйелдер құрамасының бес мүшесі (орташа рейтинг — 2373, № 10): IM Бибісара Асаубаева (2482), IM Меруерт Камалиденова (2352), WGM Ксения Балабаева (2335), WGM Алуа Нұрман (2324), WIM Амина Қайырбекова (2243).
«Соңғы жеңістер мен нәтижелер қазақстандық шахмат мектебінің әлемдегі ең мықтылардың бірі екенін, ал біздің спортшылар дәстүрлі түрде ең беделді турнирлердің басты фавориттері болып саналатынын көрсетті. Венгрияда басталған Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы осыны тағы бір рет растап, бізге жаңа мақтаныш сезімін сыйлайды деген үміттемін. Шахматшыларымызға сәттілік, өз күштеріне сенімділік және табыс тілеймін! Барлық қазақстандықтар сіздердің ойындарыңызды жіті қадағалап, қолдау көрсетіп, жанкүйер болады», – деді Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов.
Олимпиада командалары төрт негізгі және бір алмастыру ойыншыдан тұрады. Жарыс швейцариялық жүйе бойынша 40 жүріс үшін 90 минут уақытты бақылаумен 11 раундта өтеді, содан кейін ойын аяқталғанша 30 минут және әр жүріс үшін 30 секунд қосылады. Қорытынды нәтиже команданың барлық мүшелерінің нәтижелеріне байланысты болады. Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша, 45-ші шахмат олимпиадасы экологиялық ұранмен өтеді: жарыс алаңдары мен қонақ үйлер арасында велосипед және электромобильдермен жүруге мүмкіндік болады, сондай-ақ қағаз бен пластиктен бас тарту қарастырылған. Ойындарды танымал платформаларда онлайн режимінде қадағалауға болады.
Қазақстан шахмат құрамалары туралы анықтама:
ЕРЛЕР (орташа рейтинг — 2513, №41)
Капитан: GM Ануар Исмагамбетов, жаттықтырушы: GM Владислав Ткачёв
- GM Денис Махнёв (20.02.2000)
- Рейтинг — 2551
- Шахмат олимпиадаларының қатысушысы (2018)
- Азия чемпионатының 2023 ж. блиц бойынша қола жүлдегері
- Қазақстан чемпионы-2021, күміс жүлдегері-2018, қола жүлдегері-2022 және 2023
- GM Қазыбек Нөгербек (13.05.2004)
- Рейтинг — 2519 (макс. — 2520, шілде 2024)
- Шахмат олимпиадаларының қатысушысы (2022)
- Әлем чемпионы-2024 (20 жасқа дейін), Әлем Чемпион күміс жүлдегері-2022 (18 жасқа дейін)
- Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері-2022
- GM Рамазан Жалмаханов (4.11.2002)
- Рейтинг — 2497 (макс. — 2510, шілде 2024)
- Шахмат олимпиадасына алғаш қатысушы
- Қазақстан чемпионы-2022
- GM Әлішер Сүлейменов (5.08.2000)
- Рейтинг — 2484 (ең жоғары — 2513, желтоқсан 2023)
- Шахмат олимпиадаларының қатысушысы (2022)
- Азия чемпионатының 2023 ж. қола жүлдегері
- IM Алдияр Ансат (15.07.2008)
- Рейтинг — 2457 (ең жоғары — 2458, шілде 2024)
- Шахмат олимпиадасына алғаш қатысушы
- Әлем Чемпионатының қола жүлдегері-2022 (14 жасқа дейін), ӘЧ қола жүлдегері-2023 (18 жасқа дейін)
- Қазақстан чемпионы-2023
ӘЙЕЛДЕР (орташа рейтинг — 2373, №10)
Капитан: GM Павел Коцур, жаттықтырушы: GM Александр Моисеенко
- IM Бибісара Асаубаева (26.02.2004)
- Рейтинг — 2482 (ең жоғары рейтинг)
- Шахмат олимпиадаларының қатысушысы (2022)
- Командалық Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері-2023, Азия ойындарының 2023 ж. қола жүлдегері (командалық есепте)
- Блиц бойынша әлем чемпионы — 2021 және 2022 жж., рапид бойынша ӘЧ күміс жүлдегері-2021
- Азия чемпионы-2021 (онлайн)
- Әйелдер Гран-при кезеңдерінің күміс жүлдегері (Нью-Дели-2023, Тбилиси-2024)
- IM Меруерт Камалиденова (3.08.2005)
- Рейтинг — 2352 (ең жоғары — 2427, сәуір 2022)
- Шахмат олимпиадасына алғаш қатысушы
- Командалық ӘЧ күміс жүлдегері-2023, Азия ойындарының 2023 ж. қола жүлдегері (командалық есепте)
- Әлем чемпионы-2019 (14 жасқа дейін)
- Қазақстан чемпионы-2021 және 2022
- WGM Ксения Балабаева (26.12.2005)
- Рейтинг — 2335 (ең жоғары рейтинг)
- Шахмат олимпиадаларының қатысушысы (2022)
- Командалық ӘЧ күміс жүлдегері-2023
- Азия чемпионатының 2023 ж. блиц бойынша чемпионы
- Қазақстан чемпионы-2023, күміс жүлдегері-2021, қола жүлдегері-2022
- WGM Алуа Нұрман (25.04.2007)
- Рейтинг — 2324 (ең жоғары — 2367, қараша 2023)
- Шахмат олимпиадасына алғаш қатысушы
- Командалық ӘЧ күміс жүлдегері-2023, Азия ойындарының 2023 ж. қола жүлдегері (командалық есепте)
- ӘЧ қола жүлдегері-2023 (16 жасқа дейін)
- Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері-2022 және 2023
- WIM Амина Қайырбекова (19.01.2006)
- Рейтинг — 2243 (ең жоғары — 2305, тамыз, 2022)
- Шахмат олимпиадасына алғаш қатысушы
- Командалық ӘЧ күміс жүлдегері-2023
- Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері-2020
Қазақстан шахмат федерациясы