«DURA LEX, SED LEX» II студенттік қысқаметражды фильмдер кинофестивалі

Өкінішке қарай тек Қазақстанда емес, әлем бойынша құқық бұзушылықтар мен әртүрлі сипаттағы қылмыстар тұрақты негізде орын алып жатады. Қылмыстылық деңгейі төмен мемллекет болудың бірден-бір бастауы қоғамда дұрыс тәртіп пен тәрбие орнатудың жолдарын қарастыру. Сол себепті де Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы республиканың оқу орындарындағы заң пәндері мен мамандықтар жүйесіндегі іргелі ғылымдардың бірі болып табылады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің мақтан тұтарлықтай және ерекше мәртебеге ие факульттерінің бірі-заң факультеті екені көпшілікке мәлім. Оқутышыларымыз студенттерді тек теориялық білім негізінде ғана оқытып қоймай, әртүрлі тәжірбиелік және топтық жұмыстар беру арқылы да білім нәрімен сусындатады. Бұл студенттердің оқуға деген ынталарының, болашақта өз ісінің білікті маманы болуға талпыныстарының артуына, ерекше қызығушылықпен зейін қойып оқуына үлкен септігін тигізеді. Сондай ауқымды, танымдық іс-шаралардың бірі қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Джансараева Рима Еренатовнаның бастамасымен жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін студенттік кинофесиваль болып табылады. Кинофестивальда 3 курс студенттері өздерінің актерлік шеберліктерін заң тұрғысындағы білімдерімен ұштастыра отырып, белгілі бір қылмыс түрін негізге алып қысқаметражды фильм түсіріп, конкурс негізінде көрермен назарына ұсынады. Конкурстың мақсаты: қылмыстық іс жүргізу құқығы саласындағы мамандарды даярлау сапасын арттыру, қылмыстық іс жүргізу ғылымын оқуға мотивацияны арттыру, пәннің оқу материалын терең меңгеру. Бұл жоба топта жұмыс жасап, бірге нәтижеге қол жеткізу арқылы студенттеріміздің бойындағы ұйымшылдық,шығармашылық қасиеттерін арттыруға көмектеседі. Кафедра мұғалімдері іс-шараны толық ұйымдастыруға жетекшілік етіп, студенттерге бағыт бағдар беріп, көмектескен болатын. Осындай ауқымды жобаға жетекшілік етіп, жауапкершілікті өз мойнына алып, студенттеріміздің қызығушылығын оята білудің өзі кез-келгеннің қолынан келе беретін оңай жұмыс емес, мұның өзі оқытушының  деңгейінің жоғары екенін,өз ісінің білікті маманы екенінің бірден-бір дәлелі десек те болады. Осындай өз ісін ерекше назар аудара отырып,сүйіспеншілікпен жасайтын оқытушылардың арқасында, білімге құштар, жан-жақты жастар қалыптасады. «Болашақ жастардың қолында» деп бекер айтылмаған.

Мухамадиева Гүлжан Нүсіпжанқызы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті

қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу

және криминалистика кафедрасының доценті, з.ғ.к

Әдемі Момбекова,

заң факультетінің студенті