Дженнифер Лопестің Қазақстандағы екінші концерті көрермендердің қызығушылығының арқасында мүмкін болды

Алматыда өтетін Дженнифер Лопестің концертіне қатысты қоғамдық қызығушылық пен билеттердің толық сатылып кеткені туралы расталмаған ақпараттың таралуына байланысты іс-шараны ұйымдастырушылар – First Media Group және CA Entertainment компаниялары ресми түрде мәлімдеме жасады: «Билеттердің сатылымы жалғасуда. Қазіргі таңда би алаңына арналған соңғы билеттер, сондай-ақ сахнаны жақсы көруге мүмкіндік беретін, техникалық талаптарға толық сәйкес келетін трибунада шектеулі орындар қолжетімді».

Ұйымдастырушылар сонымен қатар стадион сызбасы бойынша келіссөздер аяқталғанын және бастапқы сатылымда қолжетімсіз болған қосымша орындардың ашылғанын хабарлайды. Бұл көрермендер үшін таңдау мүмкіндігін кеңейтіп, шоуды тамашалау сапасы мен жайлылық деңгейін төмендетпей, қосымша билеттер ұсынуға мүмкіндік берді.

Бастапқыда Дженнифер Лопестің Up All Night Tour атты әлемдік турнесі 3 тамыз күні Ереванда аяқталады деп жоспарланған болатын. Алайда Қазақстан жанкүйерлерінің әлеуметтік желілердегі қолдауы, бейнеүндеулері мен жарияланымдарының арқасында әртістің командасы турды ұзартуға және тур кестесіне Қазақстанда қосымша күн енгізу шешімін қабылдады. Осылайша, Қазақстан – Дженнифер Лопестің әлемдік туры аясында екі концерт өтетін жалғыз ел болды:

1 тамыз – Астанада

10 тамыз – Алматыда.

Бұл оқиға қазақстандық көрермендердің қызығушылығы мен белсенділігінің арқасында мүмкін болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – әртістің гастрольдер тарихында алғаш рет болып отырған ерекше оқиға. Мұндай концертті көру мүмкіндігі аймақтағы жанкүйерлер үшін өте сирек бұйыратын қуаныш.

Алматыдағы концерттің өтетін күні: 2025 жылғы 10 тамыз

Өтетін орны: Алматы қаласы, Орталық стадион

Билеттерді www.ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Ұйымдастырушылар барлық көрермендерге сенімі мен қолдауы үшін алғыс білдіреді.

Алматыдағы концерт жоспарланған форматқа толық сәйкес өтеді.