ЕЭК энергетиктері маңызды жабдықты күрделі жөндеуден өткізді
«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ Ақсу электр станциясындағы №3 вагонаударғыш қайта құрылып, іске қосылды.
Ескірген жабдықты түгел ауыстыруды көздейтін ауқымды жұмыс былтыр сәуір айында басталған. Жобаны іске асыруға компания 3,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.
Қайта құру – ең алдымен, жабдықтың сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған бірқатар жаңартуларға жол ашты. Олардың бірі – №5 энергоблокта ТПБАЖ қолданатын Ovation сияқты технологиялық үдерісті басқарудың автоматты жүйесін енгізу.
– Бұл жүйенің ерекшелігі – егжей-тегжейлі деректері көрнекі етіп, және басқарудың жеңілдетілген түрі бар қашықтан басқару пульті бар. Сонымен қатар, ол таспалы қоректендіргіштер мен конвейердің жылдамдығын, өнімділігін өзгертуге мүмкіндік беретін жиілік түрлендіргіштерін реттейді. Жүйе қорғаныс пен жұмыс процесіне мониторинг жүргізуге, жабдықтың жұмыс жағдайын қашықтықтан бақылауға мүмкіндік береді, – деді жоба жетекшісі Ануар Идрисов.
Қайта құрастыру аясында енгізілетін ротордағы және оның таспалы қоректендіргіштеріндегі көмір шаңын вакуумдық тазалау жүйесі вагонаударғыштың ротор алаңында қол еңбегін азайтуға сеп. бағытталған. Чехияда өндірілген сүзгілерімен жабдықталған, қуаты сағатына 125 000 м3 жаңадан орнатылған аспирациялық қондырғы вагонаударғыш машинисі мен вагондарды тексерушінің еңбек жағдайларын айтарлықтай жақсартуы тиіс. Ол жұмыс орындарында зиянды заттар шығарындыларының шекті рұқсат етілген концентрациясын төмендетеді.
Энергетиктер биыл №1 вагонаударғышта, ал 2025 жылы №4 вагон аударғышта осындай аспирациялық қондырғылар орнатуды жоспарлап отыр.
Күрделі құрылыс жөніндегі вице-президент Юрий Педченконың айтуынша, вагонаударғыш 1976 жылы пайдалануға берілген. Қуаты – сағатына 1400 тонна көмір. Осы №3 вагонаударғыштың қызмет етуі орташа және күрделі жөндеулер арқылы қамтамасыз етілген. Алайда жабдықты ауыстыру қажеттілігі туралы шешім қабылданды. «ЕЭК» АҚ бұл іске қатысты келісім шартты украиналық жабдық өндірушімен бірнеше жыл бұрын жасасқан. Сол себепті, соңғы оқиғалар оның жеткізілуіне әсер еткен жоқ.
Бұл жабдықты Ақсу электр станциясында жұмыс істеп тұрған өзге де жабдықтар қатарында «Днепротяжмаш» ААҚ жасаған. Сонымен қатар бұл өндіруші үш ұсақтағыш-фрезерлік машиналар мен таспалы қоректендіргіштерді жеткізді.
Қазір Ақсу электр станциясында №1, 4 екі вагонаударғыш қалыпты жұмыс істеп тұр. №2 вагонаударғыш ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында бөлшектелген. Бұл ретте жұмыс істеп тұрған екі вагонаударғышта да: 2010 жылы – №1 вагонаударғышта, ал 2005 жылы – №4 вагонаударғышта ауқымды қайта құрастыру жұмыстары жүргізілген.