Efes Art Space өзінің үшінші көрме маусымының қорытындысын жариялады

Efes Art Space жобасы үшінші маусымның нәтижесімен бөлісу мақсатында арнайы іс-шара ұйымдастырды. Дәстүрге сай, біз көрме қызметіміздің нәтижелерін қорытындылап, ең үздік көркемөнер жобаларын таңдаймыз. Осы орайда, 25 ақпанда заманауи өнер саласындағы жыл сайынғы үшінші Efes Art Space Award марапаттау рәсімі өтті.

Efes Art Space – қазақстандық таланттарды қолдауға және насихаттауға арналған көпфункционалды өнер кеңістігі. 2024 жыл жоба тарихындағы ерекше жыл болды. Ол серіктестік жылы ретінде есте қалды. Осы кезеңде А.Қастеев атындағы Ұлттық музеймен ынтымақтастық орнатылып, жобаның жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашылды. Енді жобаның қатысушылары өз жұмыстарын музейдің Орталық көрме залында (Желтоксан көшесі, 137) ұсынуға мүмкіндік алды.

Өткен жылы 25 суретші Efes Art Space кеңістігінде 7 көрме өткізді. Оларды 5000-нан астам адам тамашалады. Сонымен қатар, алматылықтар 50-ден астам шеберлік сабағына және дәрістерге қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Efes Art Space – бұл жай ғана галерея емес, бұл ең алдымен қауымдастық. Біз тек жекелеген іс-шаралар өткізумен шектелмей, авторларды ары қарай қолдап, дамытуға тырысамыз. Өткен жылы біз Гүлбарам Аскарованың көрмесін Қарағандыдағы фестивальде ұсындық, «Действуй Буквально» зертханасының өкілі Маша Дубоделованың TEDx Astana-дағы баяндамасына қолдау көрсеттік. Сондай-ақ Айтуар Әмірханова, Айнұр Малаева және Гүлбарам Аскарованың жұмыстарын Ыстамбұлда өткен «Jumbaq-aitys» көрмесінде көрсеттік.

«Efes Kazakhstan» компаниясының маркетинг директоры Зейнеп Эркан Альп:

«Шығармашылық тұлғалар қолдау мен мойындауға мұқтаж. Efes Art Space Award талантты суретшілердің еңбектеріне демеушілердің назарын аудару мақсатында құрылды. Бұл марапаттау рәсімі финалистерді, серіктестерді, өнер қайраткерлерін, БАҚ өкілдерін және болашақ қатысушылардың басын бір алаңда қосады»

Efes Art Space кураторы Оля Веселова:

«Кез келген жобаның жетістігі оның тұрақтылығында. Биыл біз жобамыздың төртінші маусымын бастаймыз. Осы жылдар ішінде біз шағын жекеменшік бастамадан Қазақстанның заманауи өнер картасындағы маңызды институтқа айналдық. Бұл үлгі басқа компанияларды да өз бизнестері дамып жатқан қоғамды қолдауға ынталандырады деп сенеміз»

Efes Art Space Award номинанттарының әрқайсысы естелік сыйлық алды. Биылғы премияның серіктестері — Toimart супермаркеттер желісі мен «Меломан-Марвин» компаниясы. Бас жүлде иегері 500 мың теңге көлеміндегі сыйақыны жеңіп алды.

Efes Art Space Award 2024 жеңімпаздары:

1 орын – «Сызықтар мен оқиғалар» Қатысушы: Майя Колосова

2 орын – «Ертең – кешегі күн» Қатысушылар: Шолпан Махмұдова, Таисия Шайдарова, Анастасия Жарко.

3 орын – «Сезімтал адам» Қатысушылар: Айдана Құлахметова, Ксения Казейкина.

Арнайы номинациялар:

Ең жігерлендіретін көрме – «Өмірлік бақылаулар» Қатысушылар: Талғат Ғалымов, Алексей Малченко, Ростислав Кобец.

Ең өзекті өнер туындысы – «Тыныш бөлме» Қатысушылар: Камшат Қадырова, Амин Ескендирова, Жания Фазылова, Карина Акопян, Әдия Мәжіт, Айжан Уәли, Жаған Аманжолов, Диас Бүлімісов, Дамели Асанбаева, Альбина Тұрақпаева, Эвелина Югай, Эжана Ефремова және Айгерім Сәдуақасова.

Мәдени мұраны сақтау және дамыту үшін «Өмір ағашы» Қатысушылар: Фариза Какен, Линара және Ринат Мирғалиевтер, Тұмар Ғалымжанқызы, Айша Сабыржанқызы, Әшімбек Айтқали Ерланұлы марапатталды.

Тұрақты даму стратегиясы аясында 2022 жылы Efes Kazakhstan алматылықтар мен қала қонақтарына заманауи өнерге арналған мультифункционалды кеңістік – Efes Art Space-ті ұсынды. Жобаның мақсаты – өнер саласындағы ерекше идеяларды қолдау, Қазақстанның мәдени мұрасы мен тарихын сақтаудың маңыздылығын еске салу.

Efes Art Space көрмелерден бөлек, шеберлік сабақтарын, қойылымдар мен дәрістер ұйымдастыруға ашық. 2022-2023 жылдары бұл кеңістікке 3000-нан астам қонақ келіп, 40-тан астам шеберлік сабағы өткізіліп, 25 суретшінің қатысуымен 13 көрме ұйымдастырылды.