Efes Kazakhstan Anadolu Efes Intrapreneurship Hub 2025 финалистерін жариялады

Ыстамбұл қаласында Anadolu Efes Intrapreneurship Hub 2025 корпоративтік кәсіпкерлік бағдарламасының соңғы кезеңі өтті. Бағдарлама компания қызметкерлерін біріктіріп, инновациялар мен жаңа бизнес-шешімдер жасауға бағытталған.
Биыл бағдарлама алғаш рет халықаралық форматта өтіп, Қазақстан мен Түркия топтары бір сахнада өз жобаларын топ-менеджмент пен корпоративтік менторларға таныстырды.
Intrapreneurship Hub Efes KZ — компания ішіндегі инновацияларды дамытып, жаңа ойлау мәдениетін қалыптастыратын бағдарлама. Қазақстан осы бағдарлама іске қосылғаннан бері үш жыл қатарынан негізгі алаңдардың бірі.
Бағдарламаның Қазақстандағы нәтижелері:
- 149-дан астам жоба ұсынылды;
- 88 қызметкер оқытудан өтіп, өз бастамаларымен жұмыс істеді;
- 9 команда акселерация мен инкубацияны табысты аяқтады;
- 4 команда жаңа бизнес-модельдерді коммерцияландыруға pre-seed инвестиция алды, олардың бірі қазірдің өзінде нарыққа шықты.
Ішкі кәсіпкерлікті дамыту Efes Kazakhstan компаниясының Орталық Азиядағы Anadolu Efes инновациялық орталықтарының бірі ретіндегі кең рөліне толық сәйкес келеді. Компания цифрлық шешімдерге инвестиция салып, қызметкерлердің кәсіпкерлік ойлауын дамытып, ел ішіндегі бизнес-экожүйені күшейтуде.
Anadolu Efes CEO & Beer Group President Онур Алтюрк:
«Anadolu Efes Intrapreneurship Hub — бұл біздің қызметкерлеріміздің әлеуетін ашып, бүкіл компаниялар тобының болашағын қалыптастыратын шешімдер жасауға мүмкіндік беретін экожүйе. Инновациялар қызметкерлерге ойлануға, сынап көруге және өзгертуге еркіндік берілген кезде пайда болады деп сенеміз. Биыл біз Қазақстан мен Түркия командаларын бір сахнаға шығарып, трансұлттық ынтымақтастықтың күшін көрсеттік»

Efes Kazakhstan бас директоры Эртан Курт:
«Anadolu Efes Intrapreneurship Hub — бұл тек бағдарлама емес, бизнесті адамдар арқылы дамытуға деген көзқарасымыздың көрінісі. Әр инновация риясыз бастамадан туындайды деп сенеміз. Біз үшін қызметкерлеріміздің компанияның процестерін, өнімдерін және болашағын өзгертетін шешімдер ұсынғаны үлкен мақтаныш. Ыстамбұлдағы финал жоғары деңгейдегі идеялар мен командалардың әзірлігін көрсетті. Жеңімпаздарды құттықтаймын! Барша қатысушыларға батылдығы мен жаңа бағыт ұсынғаны үшін алғыс айтамын!»
Финалға қатысушылар
Ыстамбұлда жалпы алты команда (әр елден үш топ) өз жобаларын қорғады.
Қазақстан командалары:
- Smart Promo — FMCG e-commerce промо үдерістерін оңтайландыратын AI-платформа.
• AI Dos — қызметкерлерді бейімдеуді жеделдететін және олардың қатысуын арттыруға бағытталған AI-көмекші
- Pegas&Go — PEGAS сауда нүктелерінің тұтынушыларына арналған қосымша: ассортимент, балғындық, алдын ала тапсырыс және адалдық бағдарламасы.
Түркия командалары:
- Talento — дербестендірілген коучинг пен даму ұсыныстарын ұсынатын HR-бағыттағы AI-платформа.
- Mira — талдаудың сапасын арттырып, деректерге негізделген проактивті ұсыныстар беретін AI-сатылым ассистенті.
- PromoLink — нақты сауда нүктелеріне бейімделген толық кастомизацияланатын промо-материалдар жасайтын AI-платформа.

Финал қорытындысы бойынша Түркияның Mira жобасы мен Қазақстанның Smart Promo бағдарламасы жеңіске жетті. Екі команда да шешімдерін әрі қарай дамыту және кеңейту үшін инвестиция алды.
Бағдарламаның стратегиялық маңызы
Anadolu Efes Intrapreneurship Hub — Anadolu Efes және Efes Kazakhstan корпоративтік стратегиясының маңызды элементі. Бағдарлама инновациялық лидерлікті дамытып, жаңа өнімдер жасауға ықпал етіп, Орталық Азиядағы кәсіпкерлік экожүйені күшейтеді. Бұл компанияның өңір экономикасының дамуына және цифрлық трансформациясына қосып отырған үлесін арттырады.


