ЕҚДБ Shinhan Bank Kazakhstan (SBK) банкпен тәуекелдерді бөлісу туралы келісімінің көлемін арттырды

Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі (ЕҚДБ) Shinhan Bank Korea компаниясының еншілес ұйымы Shinhan Bank Kazakhstan (SBK) банкімен ынтымақтастығын кеңейту арқылы Қазақстандағы жекеменшік компаниялардың дамуы мен өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашады.

ЕҚДБ Shinhan Bank Kazakhstan (SBK) банкпен тәуекелдерді бөлісу туралы келісімінің көлемін тағы 15 миллион АҚШ долларына ұлғайтып, келісім бойынша қолжетімді жалпы соманы 30 миллион АҚШ долларына дейін екі есе арттырады. Осы арқылы отандық кәсіпорындарды 60
миллион долларға дейін қаржыландыруға жаңа мүмкіндіктер ашылады, ал ЕБРШ SBK беретін несиелер бойынша тәуекелдің жартысын өз мойнына алуға міндеттенеді.

Сонымен қатар, ЕҚДБ-ның шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру және дамыту тобы SBK-ның институционалдық және операциялық әлеуетін нығайтуды жалғастырып, оның қызметкерлеріне бизнес-дамыту, жоба құрылымын жобалау, несие талдауы, қаржылық модельдеу және портфельді бақылау бойынша жұмыс барысында оқыту жүргізеді. Сонымен қатар, тиісті критерийлерге сай келетін Shinhan Bank Kazakhstan клиенттеріне кеңес беру қолдауы да көрсетіледі.

ЕҚДБ Қазақстанда 342 жобаға 10,2 миллиард еуродан астам инвестиция салды, қаражаттың басым бөлігі жеке кәсіпкерлікті қолдауға бағытталды.