eLicense.kz порталында Жоғары білім берудің бірыңғай порталымен интеграция іске қосылды

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша жүйелі жұмыс аясында eLicense.kz порталында Жоғары білім берудің бірыңғай порталымен (ЖББП) интеграция іске асырылды. Жаңа функционал өтініш беру барысында білім туралы мәліметтерді автоматты түрде жүктеуге мүмкіндік береді – бұл уақытты үнемдейді, қолмен енгізу қажеттілігін жояды және қателіктер санын азайтады.

Енді оқу орнының атауы, мамандығы және диплом берілген күні туралы мәліметтер өтініш формасын толтыру кезінде ЖББП-дан тікелей жүктеледі. Интеграция медицина, атом энергетикасы және азаматтық қару айналымы салаларындағы сұранысқа ие бірқатар электрондық қызметтер үшін жүзеге асырылды.

ЖББП-пен интеграция келесі мемлекеттік қызметтер шеңберінде қолжетімді:

  • Атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік цикл кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау;
  • Медициналық қызметпен айналысуға лицензия беру;
  • Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру;
  • Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маман сертификатын беру;
  • Азаматтық және қызметтік қару мен оған арналған оқ-дәрілерді (жеке және заңды тұлғалар үшін) сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және тасымалдауға рұқсат беру;
  • Ату тирлерін (оқ ату орындарын) және стендтерді ашуға және олардың қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру;
  • Азаматтық және қызметтік қару мен оған арналған оқ-дәрілерді жобалау, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялау, көрмеге қою қызметі.

ЖББП-пен интеграция әкімшілік процестерді жүйелі цифрландыру жұмысының бір бөлігі болып табылады және лицензиялар мен рұқсаттарды алу рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған.

Бұл жаңарту ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асырылды.

«ҰАТ» АҚ Корпоративтік коммуникациялар департаменті