Елордаға келуші туристер саны 12%-ға артқан

2023 жылдың қорытындысы бойынша елордаға келуші туристер саны 2022 жылмен салыстырғанда 12%-ға артқан. Оның ішінде резидент еместер 287 126 адам, резиденттер 1 036 921 адам. Туристер жиі келетін елдер қатарынан бірінші орында Ресей, одан кейін ҚХР, Түркия, Германия, Өзбекстан, АҚШ және т.б. елдер бар.

2023 жылы әуе жолаушылар ағыны 7,5 млн. адамды құрап, 25%-ға өсімді көрсетсе, теміржол ағыны шамамен 5,5 млн. адамды құрап, 4%-ға артқан. Негізгі өсім әуе көлігімен тасымалдауда тіркелген. 30 бағыт бойынша әлемнің 13 еліне 23 авиакомпания тікелей халықаралық рейстерді жүзеге асырған. 79 елмен визасыз режим қайта жанданған.

Спикер Астанада туристер өздерін жайлы сезінуі үшін барлық қажетті инфрақұрылым жасалғанын атап өтті. Қалада 9 283 номерлік қоры бар 229 қонақ үй жұмыс істейді. 70-тен астам ірі туристік нысан тіркелген. 2 100-ден астам қоғамдық тамақтану орындары, 2 туристік ақпараттық орталық, жаяу жүргіншілерге арналған бағдарлаудың бірыңғай жүйесінің 262 элементі бар. Қалада  «Red Bus» екі қабатты экскурсиялық автобусы жүреді. Сонымен қатар izi.TRAVEL. халықаралық платформасында Астана қаласының 168 көрнекті нысаны бойынша 6 аудио тур еркін қолжетімді. Сондай-ақ,  CityPASS бірыңғай туристік картасы іске асырылуда. Астанада туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сервистік қызмет – елорданың туристік полициясы құрылған.

Іскерлік туризм елордада басым бағыт болып белгіленген. ICCA-ға қосылу қаланың халықаралық беделін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар қаланы ілгерілету әлеуетін арттырады. Сәйкесінше, Астанға келушілер қатары да жыл санап артуда. Мәселен, биыл Enactus World Cup-2024 іс-шарасына 3 мыңға жуық адам келеді деп күтілуде.

Іскерлік туризммен қатар  оқиғалық туризм де дамуда. Жыл басынан бері елордада 500-ден астам іс-шара өтеді деп жоспарланған. Оның 400-ден астам бос уақытты өткізуге арналған іс-шаралар (мәдени, оқиғалық, ойын-сауықтық, спорттық), 100-ден астамы іскерлік іс-шаралар. Оның ішінде ауқымды іс-шараның бірі – 7-15 қыркүйек аралығында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары.

Туристерге жайлы қызмет ұсыну мақсатында «Visit Astana» серіктестік бағдарламасы іске асырылуда. Бүгінгі таңда бағдарламаның 60-тан астам серіктесі бар. Бұл қонақ үйлер, мейрамханалар, туроператорлар, қызмет көрсету мен қызмет көрсетудің жоғары деңгейіне кепілдік беретін көрікті жерлер. Visit Astana «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының «Сапа белгісі» республикалық бағдарламасымен өзара серіктес ретінде танылған.

Жыл сайын 150-ден астам экскурсовод пен 600-ден астам қонақүй, мейрамхана, медициналық мекемелердің қызметкерлері оқытылды және дайындалады. 2024 жылы WFTGA халықаралық туристік гидтер қауымдастығы федерациясы тренерлерін тарта отырып, Астана қаласының гидтері мен экскурсоводтарының біліктілігін арттыру бойынша курс өткізу және қонақжайлылық, туристерді қабылдау стандарттары бойынша фасилитациялық тренинг өткізу жоспарланып отыр.

Елордада туризмді дамытудың тағы бір басым бағыты – медициналық туризм саласы. Қалада JCI халықаралық сапа стандарттары бойынша аккредиттелген 7 емхана жұмыс істейді. Негізгі артықшылығы – шетелдік емханалармен салыстырғанда медициналық қызмет көрсету құны төмен болғанымен жоғары сапалы қызмет көрсетіледі.

Маркетингтік қызмет аясында Астана қаласының брендін цифрлық кеңістікте ілгерілету жұмыстары  әлеуметтік желіде тұрақты негізде жұмыс істейді. Астанаға келуші туристер үшін «Visit Astana» туристік сайты қолжетімді.  Цифрлық алаңдарда турмаршруттар мен көрікті жерлер, қалада өтетін іс-шаралар туралы ақпараттармен танысуға болады.