Ең маңызды меймандарға арналған жаңа жылдық ғажайып

Нағыз қысқы ғажайыптар орын алатын уақыт та келіп жетті! «Астана Опера» өзінің ғаламат мерекесіне шақырған қонақтардың ең алғашқысы мүмкіндігі шектеулі балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары болды. 200 бүлдіршін үшін ғажайып 17 желтоқсанда еліміздің ең әдемі театрының есіктерін ашудан басталды.
Операға бару сирек салтанат болып табылатын кішкентай театр сүйер қауым нағыз бал-феерияға тап болады. Оларды жарық пен уақыттың әккі қорғаушылары қарсы алады, ал зал ғажайып өнер кітапханасына айналады. Балалардың көздері оттай жанып, қуанышты күлкілері естіледі. Міне, шыршалар дәл осындай сәттер үшін жанады.
– Біз үшін мұндай шаралар – мерекеге мұқтаж жандарға шаттық сыйлау сынды үлкен міндеттің бір бөлшегі, – дейді театр директорының орынбасары Малика Төлегенова. Балалар «Жаңа жылдық ғажайыптар симфониясы» спектаклінің толық құқылы қатысушылары атанды! Жарық сақтаушысы Люмьер ханым мен сиқырлы уақыт шебері Сағатшымен бірге олар Жаңа жылды сақтап қалу үшін зұлым Импресариомен шайқасқа түсті және әрине, жеңіске жетті! Ал қойылымның шарықтау шегі үміт пен ғажайыптың символына айналған жарқыраған шыршаның жануы болды.

Ал келесі күні, 18 желтоқсанда «Жаңа жылдық ғажайыптар симфониясы» шоуы қалың көпшілік үшін зор табыспен өтті. Жас көрермендер мен олардың ата-аналары театрдың Мәрмәр залындағы Жаңа жылдық өнер кітапханасына айналған интерактивтік шытырман оқиғаның тікелей қатысушылары атанды.
– Бізге шоу өте ұнады, ол жыл сайын көріп жүрген шырша мерекелерінен шынымен де өте қатты ерекшеленеді. Сондай-ақ биыл театр фойесіне әдемі жаңа шырша көріп беріп тұр. Бүгін ғажайып орын алып, балаларымыз өнердің нағыз құдіретін сезінді. Балаларымды театр өміріне толықтай баулытқан музыкалық қойылым болды, – деп пікірімен бөлісті аналардың бірі Ләйлім Ғабитова. Мұндай сөздер – «Астана Опера» үшін үлкен марапат.
Алайда ертегі мұнымен біткен жоқ! Әрбір кішкентай мейман қызықты кейіпкерлермен түскен фотосуреттері мен жарқын әсерді, сондай-ақ театрдың атынан арнайы естелік сыйлықты өзімен бірге ала кетті.
Бұл бастама театрға келуге ниет білдірген барлық жан үшін тұтас мерекелер легін ашып берді. Қазақ және орыс тілдеріндегі «Жаңа жылдық ғажайыптар симфониясы» шоуы желтоқсанның аяғына дейін өтеді. Көрсетілімдер 19, 20, 21, 23, 24, 25, 26, 28 және 29 желтоқсанға жоспарланған, шараның басталатын уақыты 11:00-де және 12:00-де. Әр билет 1 баланың (3-тен 12 жасқа дейін), алып жүруші 1 ересек адамның келуіне арналған және ол естелік сыйлықты қамтиды.


