Еңбек адамы: Кутбанова Кайраткан. 43 жыл еңбек өтілі бар су бақылаушы маманы

Алматы облысындағы су шаруашылығын, ирригация және дренаж жүйелерін жобалау, пайдалану және басқару саласында мамандарды даярлайтын Гидромелиоративтік техникум колледжінде білім алған.

Еңбек жолын 1985 жылы Шелек ауылындағы «Шелек суландыру» мекемесінде су бақылаушы болып бастады.

Су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау мәселелерінде маңызды шешімдер қабылдай отырып, өз ісінің үздігі болды.

2024 жылы Республика күніне орай Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Су шаруашылығы ардагері» төсбелгісімен марапатталды.

Бүгінгі таңда Д.Қонаев атындағы ҮАК филиалының Бартоғай пайдалану бөлімшесінің инженер-гидрометрі болып жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігі