Енді кәсіпкерлер салық есебін Kaspi Pay қосымшасымен тапсыра алады
«Басты мақсатымыз – кәсіпкерлердің өмірін жеңілдету әрі жақсарту. Біздің жаңа «Салық есебі» сервисінің көмегімен жеке кәсіпкерлер енді салық есебін онлайн, жылдам әрі оңай тапсыра алады. Командаларымыз бірлесіп әзірлеген тағы бір табысты сервис үшін Мемлекеттік кірістер комитетіне, сондай-ақ ҰАТ АҚ пен Цифрландыру министрлігіне рақмет айтамыз!»Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе
«Бұл сервис салықты есептеуге, есептілікті жасауға және ұсынуға жұмсалатын уақытты үнемдей отырып, салық міндеттемелерін жылдам, қолжетімді, уақтылы орындауға мүмкіндік береді. Бұл бағытта ынтымақтастық қолайлы жағдай жасап, салық төлеушілер мен мемлекеттің арасындағы өзара іс-қимылды жақсарта отырып, жалғасын табады.»Азамат Панбаев, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары.