ЭПЛ Даймонд -30 жылдық зергерлік шеберлік

Зергерлік өнер – асыл тастар мен металдар арқылы айтылған тарих. Бұл – естеліктер, сезімдер мен ерекше сәттердің белгісі. Бриллианттар туралы сөз қозғалғанда, біз махаббатты, жетістіктерді, қуанышты және маңызды оқиғаларды еске аламыз. Биыл ЭПЛ Даймонд екі айтулы датаны атап өтуде: брендтің құрылғанына 30 жыл және Қазақстанда жұмыс істегеніне 10 жыл толды. Табиғат сұлулығы мен мәдени байлық үйлесім тапқан бұл елде компанияның зергерлік бұйымдары ерекше мәнге ие болды.

Отыз жылға созылған жол

ЭПЛ Даймонд тарихы 1994 жылы кәсіпкер Петр Федоровтың асыл арманының негізінде басталды. Ол алмаз өндіруден бастап, зергерлік бұйымдар жасауға дейінгі толық өндіріс циклын қамтитын компания құруды мақсат етті. Бұл батыл қадам еді, өйткені мұндай ауқымды процесті бақылауға алу екінің бірінің қолынан келе бермейтін. Алайда дәл осы әдіс брендке әр кезеңде сапаны қадағалауға мүмкіндік беріп, мінсіз зергерлік бұйымдар жасауға жол ашты.

Бұл күндері ЭПЛ Даймонд – тек Ресей мен Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде кеңінен танылған компания. Отыз жылдың ішінде бренд өз дәстүрлерін сақтап қана қоймай, бриллианттарды өңдеуде жаңашылдыққа ұмтылды.

Табиғаттан шабыт алған өнер

ЭПЛ Даймонд-тың басты ерекшелігі – «Жалындаған мұз» деп аталатын ерекше қырлау техникасы. Бұл әдіс асыл тастың табиғи тазалығын айқындап, ішкі жарқылын күшейтеді. Әр зергерлік бұйым өзінің жарығымен адамның ең шынайы сезімдерін бейнелейді. Бренд философиясы бойынша, әшекейлер тек әдемі ғана емес, сондай-ақ мағыналы болуы тиіс.

«Жалындаған мұз» – бұл техникалық жетістік қана емес, өнер туындысы. Оның жарқылы мұздықтардың салқын сәулесін, қазақ даласының шексіз кеңістігін және Алтай тауларының ұлылығын еске салады. Осы себепті ЭПЛ Даймонд-тың әшекейлері қазақстандықтар арасында ерекше танымалдыққа ие болды.

Қазақстандағы он жылдық жол

2015 жылы ЭПЛ Даймонд Қазақстандағы алғашқы зергерлік салонын ашты. Осы он жыл ішінде бренд елдегі зергерлік мәдениеттің бір бөлігіне айналды. Бүгінде ЭПЛ Даймонд-тың сән салондары еліміздің ең ірі қалаларында орналасқан. Бұл – сұлулықты ғана емес, әрбір бұйымның тарихын бағалай білетін жандардың таңдауы.

Қазақстан – көне дәстүр мен заманауилық үйлескен мекен. Мұнда ЭПЛ Даймонд әшекейлері жаңа мәнге ие болуда. Біреулер үшін бұл – туған күн немесе мерейтойға арналған ерекше сыйлық, ал басқалар үшін – өмірдің жаңа кезеңінің символы. ЭПЛ Даймонд бұйымдары ұсынылған сәттер, үйлену тойлары мен отбасылық мерекелердің ажырамас бөлшегіне айналуда.

Алматы қаласында брендтің Mega Center Alma-Ata және MEGA Park сауда орталығында ресми екі дүкені бар.

Классика мен заманауи талғамның үйлесімі

Брендтің топтамаларынан кез келген талғамға сай әшекей табуға болады: классикалық үлгіден бастап, батыл дизайнерлік шешімдерге дейін. Ақ, сары және қызғылт алтыннан жасалған жүзіктер, сырғалар, білезіктер, алқалар мен кулондар ең жоғары сапалы бриллианттармен безендірілген, бұл олардың әрқайсысын қайталанбас етеді.

ЭПЛ Даймонд зергерлік бұйымдары тек ерекше күндерге ғана емес, күнделікті өмірге де сай келеді. Олар әр адамның өзіндік стилін толықтырып, жеке тарихының бір бөлігіне айналады. Мұндай әшекейлер уақыт пен трендтерге бағынбайды – олар әрдайым өзекті.

Бриллиант – естеліктерді сақтаушы

Әрбір зергерлік бұйым – тек аксессуар ғана емес, сезімдер мен өмірлік маңызды сәттердің куәсі. ЭПЛ Даймонд-тың басты құндылығы да осында: бренд адамдарға асыл естеліктерді сақтауға көмектеседі.

Telegram-канал: ЭПЛ Даймонд: 30 жыл Қазақстанда!