Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

4-5 наурыз аралығында Норвегияның Тронхейм қаласында тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында өткен әлем чемпионатында Ербол Хамитов LW12 классында спринттік жарыста 2:42.45 уақыт нәтижесімен мәре сызығын үшінші болып кесті. Дәл осы дисциплинада бразилиялық Вестемайер Рибера Кристиан (2:42.06) чемпион атанса, украиндық Баль Павло (2:45.93) күміс медальға қол жеткізді.
Айта кетсек, жуырда пара спортшы пара шаңғы жарысынан әлем кубогында 10 км қашықтықты 27:30,3 уақыт нәтижесімен бағындырып, екінші орынға ие болды.
Аталмыш чемпионат 2026 жылы Милан — Кортинада өтетін Қысқы Паралимпиада ойындарына рейтингтік жарыс болып табылады.