ERG компаниясы Арқалық тұрғындарына рекультивация нәтижелерін көрсетті

2021 жылы боксит көлемінің сарқылуына байланысты «Қазақстан алюминийі» АҚ – ERG компаниясының Алюминий дивизионының құрамындағы Торғай боксит кен басқармасы (ТБКБ) өз жұмысын тоқтатты. Кен орындарын игеру аяқталғаннан кейін ERG компаниясы тау-кен қызметінің салдарын жою және зардап шекен аймақты қалпына келтіру жобасын бастады. Рекультивация нәтижелері мен алдағы жоспарлар бүгін Арқалық қаласының жұртшылығына таныстырылды.

ТБКБ қызметінің негізгі бағыты – боксит кендері мен отқа төзімді саз кен орындарының Амангелді тобын ашық тәсілмен игеру болатын. Жабылу кезінде ТБКБ-да шамамен 680 адам жұмыс істеді. Арқалық қаласының жалпы санының – 2,4%. Кәсіпорын қызметі тоқтатылғаннан кейін қызметкерлерді басқа ERG кәсіпорындарына кезең-кезеңімен жұмысқа орналастыру жобасы іске асырылды. ТБКБ-ның бұрынғы қызметкерлерінің бір бөлігі Краснооктябрь боксит кен басқармасына, «ССКӨБ» АҚ, «Шұбаркөл көмір» АҚ және «ARQALYQREMSERVICE»ЖШС-не жұмысқа орналастырылған.

Ал, ТБКБ тау-кен қызметінің салдарын жою үшін заңнамалық талаптарға сәйкес жекелеген рекультивация жобасы әзірленді. Ол 2020 жылы жүргізілген зерттеу жұмыстарына негізделген және қалған зардап шеккен жер учаскелерін техникалық және биологиялық қалпына келтіруді қарастырады. Қалпына келтіруге жарайтын жерлердің жалпы ауданы – 729 гектар.

– ERG компаниясы жергілікті жердің бұзылған ландшафттарын қалпына келтіруге барынша күш салады, — деді Еуразиялық Топтың қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Талғат Төребеков. – Жекелеген үйінділер мен карьерлерді қалпына келтіру жобасы бойынша барлық жұмыс бекітілген мемлекеттік стандарттар мен нормативтік құжаттарға сәйкес орындалды. 2021 жылдан 2022 жылға дейін біз 715 гектар жерді қалпына келтірдік. Ал, 2023 жылы қалған 14 гектар жерді қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Барлық қалпына келтірілген жерлер мемлекетке қайтарылады.

Рекультивациялық іс-шаралар бірнеше кезеңнен тұрады. Ол үшін алдын ала  үйінділер мен басқа да бұзылған жерлердің беткі қыртысын жоспарлау жүргізіледі. Әрі қарай, Жердің ықтимал құнарлы қабаты учаскелерге тасымалданады және қолданылады. Осыдан кейін ғана белгіленген аумақта жоңышқа, от, эспарцет, житняк және т.б. сияқты көпжылдық шөптер егіледі. Орта есеппен бір гектар қалпына келтірілген учаскеге 40-45 кг тұқым жұмсалады. Кейбір жағдайларда топырақ қосымша суарылады және тыңайтылады.

Айта кететін жайт, ERG компаниясы 2030 жылға дейін құны шамамен 228 млрд. теңгелік ауқымды экостратегияны іске асыруда. Бұл қомақты сома атмосфераға шығарындыларды азайтуға ғана емес, сонымен қатар қалдықтарды қайта өңдеуге, төгінділерді азайтуға, биоалуантүрлілік пен экожүйелерді сақтауға және жалпы компания қызметінің экологиялық ізін азайтуға бағытталған.

Кездесу барысында Арқалық қаласының жұртшылығы жобаға сәйкес жұмыстар аяқталатын жердегі рекультивация барысымен жақынырақ танысып, өздерін толғандырған барлық мәселелерді айтты.