ERG мыс және кобальт өндіру үшін КДР-дегі COMIDE кәсіпорнында гидрометаллургиялық зауытының құрылысын бастады
Зауыт өндірісті жылына 120 мың тонна катодты мыс пен 15 мың тонна кобальт гидроксидіне дейін арттыру мүмкіндігі бар бірнеше кезеңді қамтиды
COMIDE әлемдегі ең ірі игерілмеген мыс пен кобальт қорларына ие. Кешенді техникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша кәсіпорынның шикізат базасын және оның өндірістік қуатын дамыту мүмкіндіктері анықталды, бұл ағымдағы COMIDE жобасын іске асыруды бастауға мүмкіндік береді. Ол гидрометаллургиялық зауыт салуды, геологиялық барлау мен бұрғылаудың кең ауқымды бағдарламасын, сондай-ақ кен орындарын игеруді қарастырады. Жобаға салынған инвестиция көлемі шамамен 800 миллион АҚШ долларын құрайды. 2023 жылдың 12 қазанында Луалаба провинциясындағы COMIDE зауытында жұмыстың басталуына арналған салтанатты шара өтті.
Гидрометаллургиялық зауыт үш кезеңде салынады. Құрылысты 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Зауыттың алғашқы екі кезеңіндегі өндіріс көлемі жылына 40 мың тонна катодты мыс пен 7 мың тонна кобальт гидроксиді деңгейінде болжанса, үшінші кезең іске қосылғаннан кейін өндіріс қуаты 80 мың тонна катодты мыс пен 14 мың тонна кобаль гидроксидіне жетеді. Катодты мыс өндірісін жылына 120 мың тоннаға дейін арттыру мүмкіндігі бар.
ERG Africa бас атқарушы директорының міндетін атқарушы Сергей Вербицкийдің атынан сөйлеген сөзінде жергілікті әкімшілік басшысы Йоахим Нзузи былай деді: «Бұл жобаны жоспарлауда инновациялар мен орнықты даму басты басымдық болды. Зауыт металл алуды арттыру және қоршаған ортаға тигізетін әсерді азайту үшін соңғы технологияны қолданады».
ERG миссиясы – Жер мен адамзаттың әлеуетін ұқыпты аша отырып, бізге сенім артқандардың гүлденуін қамтамасыз ету. Осы орайда ERG COMIDE компаниясын осы екі маңызды металды өндіруге деген көзқарасын анықтайтын «Таза кобальт пен мыс» бағдарламасына қосады. Өндіріске деген жауапты көзқарас Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының (ЭЫДҰ) жауапты өндіріс талаптарын орындау және асыра орындау арқылы орнықты құн тізбегін құруға, бала еңбегін қолдануды тоқтатуға және адам құқықтарын қорғауға көмектеседі.
«ERG-тің қоршаған ортаны тиімді басқаруға деген ұмтылысын ескере отырып, бүгінгі шара тек зауыт құрылысының басталуы мен кен орындарын игеруге арналмаған. Біз сондай-ақ болашақта қоршаған ортаны жақсартуға міндеттіміз. Осы мақсатта біз таза энергияға көшу үшін негізгі шикізатты жауапкершілікпен іздеуге және өндіруге міндеттеме алып қана қоймай, сонымен қатар біз жұмыс жасайтын өңірлер және олардың айналасындағы экожүйелерді қалпына келтіру үшін әрекет ететін боламыз. Осылайша, құрылыс жұмыстары басталғанға дейін біз Лубумбаши университетімен бірлесе отырып, кейінірек отырғызу үшін ағаштар өсірілетін кешен салдық. Осылайша жоба басталғанға дейін бұл аймақта көбірек ағаштар отырғызылып, кен орнын игеру аяқталғаннан кейін көптеген көшеттер пайда болады. Көшет кешені қазірдің өзінде 700 ағаш өсіріп, тағы 2 мың көшет отырғызуда», — деп қосты Нзузи мырза.
Луалаба провинциясының жоғары мәртебелі Ішкі істер және қауіпсіздік министрі Капенда Ва Капенда Деодат мырза жиналғандарға сөйлеген сөзінде Луалаба провинциясының жоғары мәртебелі губернаторы Фифи Масука Сайни ханым атынан былай деді: «КДР басшысы Мәртебелі Президент Феликс-Антуан Цисекеди Чиломбо қоғамдық келісім мен дамуды қамтамасыз ететін абсолютті басымдық ретінде анықтады, бұл «бірінші кезекте адамдар» деген мызғымас қағидаттан көрінеді. Ол, сондай-ақ, КДР-дегі барлық серіктестіктер өзара тиімді болуы және қатысушыларына өзара тиімділік әкелуі керек екенін атап өтті. Дәл осы қағидаға сүйене отырып, Фифи Масука Сайни ханым Луалаба провинциясының халқымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Бізді зауыт құрылысының басталуына арналған бүгінгі салтанатты шараға қатысуға шақырғаны үшін ERG компаниясына алғысымды білдіргім келеді. Бұл жоба жергілікті халықтың жағдайын айтарлықтай жақсартады деп сенеміз»
2022 жылы КДР-дегі тау-кен өнеркәсібі саласы мемлекеттік бюджеттің 43%-ын, ЖІӨ-нің 47%-ын, экспорттың 95%-ын және жалпы жұмыс орындарының төрттен бірін қамтамасыз етті. Зауыттың жобалау және құрылыс кезеңдерінде COMIDE негізінен жергілікті тұрғындардан жалдау арқылы КДР-дің шамамен 2 мың азаматын тікелей және жанама жұмыспен қамтамасыз етеді. Осылайша, COMIDE қызметі ең алдымен жергілікті халық үшін жеңілдіктер жасайды, сонымен қатар жалпы ел экономикасының өсуіне ықпал етеді.
Жергілікті даму комитетінің төрағасы Чилука Мухумено: «Минералды ресурстарды орнықты түрде игеру жергілікті қауымдастықтардың дамуында маңызды рөл атқарады, оған әсер ететін болады. Тау-кен өнеркәсібінің экономикалық өсудің маңызды драйвері екені көпшілік мойындаған. Жұмыссыздықты азайту шараларын талқылағанда, жергілікті жастардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ескеру қажет»
Бастапқы бағалаулар бойынша кен орнын игеру мерзімі 20 жылды құрайды. COMIDE-де өндіріс басталғаннан кейін зауыттың жанында тұратын жергілікті қауымдастықтарға тікелей және жанама жұмысқа орналасу және жеткізу тізбегі мүмкіндіктерін, қауымдастықты дамыту қорына аударымдарды және әлеуметтік бастамаларға жарналарды және жобаға енгізілген жобаларды іске асыруды қоса алғанда, кәсіпорынның міндеттемелер тізілімі [Cahier des Charges] және оның қызметі шеңберінде жоспарланған басқа да әлеуметтік бастамалармен бірге бірқатар жеңілдіктер қолжетімді болады.