ERG негізін қалаушылары-акционерлері су тасқыны салдарын жоюға қосымша көмек көрсетеді
Еуразиялық Топтың (ERG) негізін қалаушылары-акционерлері су тасқыны салдарын жоюға қосымша 40 млрд теңге көлемінде көмек көрсетеді.
— Бұрын-соңды болмаған су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтардың уайымына ортақпыз. Қалыпты өмірге тез оралады деп үміттенеміз. Сондықтан олардың туған жерлеріндегі үйлері мен инфрақұрылымын қалпына келтіруге қаражат бағыттап жатырмыз. Әлеуметтік-бағдарланған компания бола тұра, бейжай қарай алмадық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бақылауымен зардап шеккен өңірлер қалпына келтіріліп жатыр, бұл күрделі жұмыстарды біз де қолдаймыз. «Біз біргеміз» — бұл сөздер күші мен ынтымағы жарасқан Қазақстан халқын дәл бейнелейді, — дейді Топ акционерлері.
Бұған дейін көмек көрсетуге Еуразиялық Топ 500 млн теңге, ал Еуразиялық банк 450 млн теңге бағыттаған еді .
Сонымен қатар ERG кәсіпорындары туған өңірлерде тасқынға қарсы шараларға қатысып жүр, техника, материалдар ұсынып, эвакуацияланған адамдарды уақытша панамен қамтамасыз етуде. Кәсіпорындардың еріктілері бөгет құрылысына қатысып, зардап шеккендерге көмек көрсетіп жүр.