ERG Топтың қаржылық орнықтылығын нығайта түсті

Eurasian Resources Group (ERG) қолданыстағы халықаралық реттеу тәртібіне сәйкес Топ кәсіпорындарының несие портфелін қайта құрылымдау жұмысын жүйелі жүргізіп келеді.
Топ қолданыстағы заңнамалар мен реттеу тәртібі (соның ішінде заңнамалар мен санкциялық құзырлы реттеу органдары тарапынан берілген рұқсат/мақұлдау) талаптарын мұқият сақтай отырып, «Сбербанк России» ЖАҚ алдындағы өзінің ағымдағы несиесінің қомақты бөлігін қайта құрылымдады. Қазіргі жаһандық тұрақсыздық жағдайында, бұл қайта құрылымдау ERG-дің қазақстандық кәсіпорындарының орнықтылығын нығайта түсті. Қаржы портфелін осы жолғы қайта құрылымдау аясында бұдан басқа жаңа келісім шарттар жасалған жоқ. Тек, бұрыннан бар келісімнің басым бөлігінің шарттары жаңадан берешек алмастан, жаңартылды.

– ERG ең әуелі халықаралық және қазақстандық заңнамалардың талаптарына сай және тау-кен металлургия саласындағы әлемдегі ең жоғары стандарттарға сай қызмет етеді. Бүгінде біз 60 мың қызметкеріміз бен олардың отбасы мүшелерінің әл-ауқатын, «туған қалаларымыздың» гүлденуін қамтамасыз етіп келеміз. Алдағы уақытта да қызметіміздің осы Стратегиямызға сәйкес болуына барынша күш саламыз,— деді Еуразиялық Топтың Бас директоры Серік Шахажанов.