Eurasian Resources Group 2023 жылдың үздік жеткізушілерін марапаттады
Eurasian Resources Group биыл үздік 17 қазақстандық және шетелдік өндіруші мен қызмет ұсынушыларды анықтады. Байқауға 2023 жылы іріктеуден өтіп, ERG кәсіпорындарына өнім жеткізген, жұмыс пен қызметтерін ұсынған барлық жеткізушілер түгел автоматты түрде қатысады. Олардың қай жерде орналасқаны маңызды емес. Әр аталымда сапа мен баға үйлесімін, жеткізілім мерзімдерін қатаң сақтап, мойнына алған міндеттерін мінсіз атқарған жеткізушілер «жеңімпаз» деп танылған.
ERG Supplier Award марапатын компания Топтың серіктестері мен жеткізушілері арасынан сеніп тапсырылған міндетті мінсіз атқарып, жоғары кәсіби біліктілігі және сенімділігімен ерекшеленгендерді айрықша атау үшін ұйымдастырылған. Марапат ұзақ жылдар бойғы сенімді серіктестік пен компанияға адалдығы үшін табысталады.
Мұндай арнайы марапат тағайындап, тапсыру туралы Еуразиялық Топтың тауарлар мен қызметтерді сатып алудағы орталықтандырылған операторы – «ERG Коммерция орталығы» бастама көтерген. Осыдан 7 жыл бұрын құрылған серіктестік сатып алулардың операциондық тиімділігін арттырып, ERG кәсіпорындарының сатып алу процестерін жетілідірумен айналысады. Тек биылдың өзінде RG Коммерция орталығы 1 665 млрд теңгеге тауар мен қызметтер сатып алған. Оның 62% қазақстандық компаниялардың еншісінде. Орталықтың басым бағыттарының бірі – отандық компаниялармен өзара әріптестікті нығайту.
«Бүгінде серіктестермен жұмыла атқарған жұмыс ғана – табыс кепіліне айналып отыр. Өзаратиімді әріптестіктің нәтижесінде қазір біздің компания тау-кен металлургия саласында көш бастап келеді. Отандық өндірушілер ұсынған тауарлар, жұмыс пен қызметтердің де сапасы артып келе жатқаны қуантады. Операциондық сипаттамалар мен қаржылық көрсеткіштерді тұрақты жақсартуды өзіміз басты назарда ұстаймыз және серіктестерімізден де соны өтінеміз», — деді Коммерция орталығының Бас директоры Руслан Мулюкбаев.
Тиісті аталымдарда Топтың төмендегі серіктестері жеңімпаз атанды:
«Тау-кен шахта жабдығы» аталымындағы үздік жеткізуші – «Киселевский Завод Горного Оборудования» ААҚ;
«Сүзгі жабдықтары» – «КазЭнергоМашЭкология» ЖШС;
«Байыту жабдықтары» – НТЦ «Бакор» ААҚ;
«Реагенттер» – «Торговый дом «Павлодарская соляная компания» ЖШС;
«Кварцит» – «Тектурмасские кварциты» ЖШС;
«Жүк тасымалы» – «Глобалинк» Транспортэйшн энд Лоджистикс Ворлдвайд» ЖШС;
«Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары – Шетелдік «Борусан Макина Казахстан» кәсіпорны ЖШС;
«Жару жұмыстары – «Орика-Казахстан» АҚ;
«Жеке қорғаныш құралдары» – «Респираторный комплекс» ААҚ;
«Жеке қорғаныш құралдары» – «Global-Safety» (Глобал-Сафети) ЖШС;
«Түсті металдар» – «ГРАНАТ и К» ЖШС;
«Ауа сүзгісінің элементтері – «Казтехфильтр» ЖШС;
«Сорғы мен сорғы жабдықтары» – Казахстанское промышленное предприятие» ЖШС;
«Сүзгі жабдықтарының қосалқы бөлшектері – «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Павлодардағы оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС
«Реактивтер – «Темиртауский электрометаллургический комбинат» АҚ;
«Құйма жабдықтары мен металл құрылымдары» – «ЭКОпром Павлодар» ЖШС;
«Sustainability Award» – «High Industrial Lubricants & Liquids Corporation (HILL)» ЖШС.