Еуропалық Одақ пен Қазақстан аса маңызды шикізат саласындағы ынтымақтастықтың келесі кезеңін бастауда

ЕО Қазақстанмен серіктестігін дамытуда. Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен алғашқы ЕО – Орталық Азия саммитінің аясында ЕО пен Қазақстан арасындағы 2025-2026 жылдарға арналған Әріптестік жол картасы қабылданды. Бірінші Еуропалық Одақ – Орталық Азия саммитінің қорытындысы бойынша Бірлескен декларация

 Әріптестік жол картасы 2022 жылғы қарашада қол қойылған Қазақстан мен ЕО арасындағы Шикізат, аккумуляторлық батареялар мен жасыл сутектің тұрақты құн тізбектері жөніндегі стратегиялық әріптестік туралы өзара түсіністік меморандумын жүзеге асыру бойынша нақты мақсаттарды қамтиды.

Бұл Жол картасы 2023-2024 жылдарға арналған Әріптестік жол картасының жетістіктеріне негізделген. Ол бүкіл шикізат құн тізбегі бойынша геологиялық барлау, зерттеу және инновациялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, біліктілікті арттыру және білім беру, озық тәжірибелер мен экологиялық, әлеуметтік және тиімді мемлекеттік басқару стандарттарын ілгерілету сияқты өзара әрекеттестіктің нақты бағыттарын одан әрі нығайтуға септігін тигізеді.

Сондай-ақ Жол картасы ЕО пен Қазақстан арасындағы интеграциялық күш-жігерді ілгерілетуде маңызды рөл атқаратын екі тараппен бірге анықталған инвестициялық жобаларды, соның ішінде ЕО-тың аса маңызды шикізат туралы заңына[1] сәйкес стратегиялық деп белгіленген жобалардың жүзеге асырылуына қолдау көрсетуді қарастырады.

Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алешка Симкич: «Жаңа Жол картасы ынтымақтастығымыздың тұрақтылығы мен төзімділігіне деген ортақ міндеттемені көрсететін Қазақстанмен серіктестігіміздегі тағы бір маңызды қадамның белгісі болды. Біз келіскен іс-шаралар кешені аса маңызды шикізат бойынша ынтымақтастығымызда қолданатын біртұтас ұстанымымыздың  көрінісі. Біздің серіктестігіміз қазірдің өзінде нақты нәтижелер беріп, берік әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа ұмтылысымызды растайды»

[1] Сілтеме: Аса маңызды шикізат туралы заң