Евгений Кошкин – Нидерландыдағы спринтерлік чемпионаттың жеңімпазы

2025 жылғы 19 наурызда Леуварденде Евгений Кошкин конькимен жүгіру спорты бойынша беделді De Zilveren Bal («Күміс шар») турнирінде алтын медаль жеңіп алып, бұл жарыста топ жарған Қазақстанның алғашқы өкілі атанды.

Шешуші жарыста Кошкин Польшаның өкілі Марек Канюды артта қалдырып, 9.40 секунд нәтижемен мәреге бірінші болып жетті. Қола жүлдені АҚШ-тың алты дүркін әлем чемпионы Джордан Штольц иеленді.

Евгений Кошкин – De Zilveren Bal тарихында жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық спортшы, осылайша ол әлемдік конькимен жүгіру спортының тарихына өз есімін жазды.