FlyArystan оператор сертификатын алды
«Эйр Астана» акционерлік қоғамы (бұдан әрі — «Компания» және еншілес FlyArystan-мен бірге «Топ») кірісі мен әуе флотының көлемі бойынша Орталық Азия және Кавказ аймақтарындағы ең ірі әуекомпаниялар тобы, FlyArystan бюджеттік тасымалдау брендінің Қазақстан Авиация Әкімшілігінен (ҚАӘ) жеке оператор сертификатын (AOC) алғанын хабарлайды.
2024 жылғы 1 сәуірде шыққан AOC ҚАӘ тарапынан өткізілген терең аудиті мен талдауының нәтижесі болып, FlyArystan-ның қазақстандық авиация заңнамасына да, халықаралық операциялық стандарттарға да сәйкестігін растайды. 2019 жылы құрылғаннан бері FlyArystan «Эйр Астана» компаниясың АОС пайдаланатын. Өзінің AOC-мен FlyArystan өз қызметін арзан тасымалдаушы үлгісіне одан ары бейімдеп, қосымша өсу мүмкіндіктерін іздестіре алады. FlyArystan Топтың толық еншілесі болып қала береді.
Бұл Топқа да, FlyArystan клиенттеріне де пайда әкелетін стратегиялық шешім. Лоукостердің өсуі мен дамуы үшін бөлек AOC қажет. Операциялық тұрғыдан алғанда, бұл үлкен тиімділікпен бірге әлем бойынша авиациялық билік органдары арасында танулуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, FlyArystan-ға халықаралық нарықтағы белсендігін арттыру мен басқа әуекомпаниялармен ынтымақтасу үшін жеке IATA кодын алуға мүмкіндік береді.
Питер Фостер, «Эйр Астана» тобының бас атқарушы директоры:
«Эйр Астана» тобы сараланған және бірін-бірі толықтыратын екі әуе брендін қамтиды. 2019 жылы іске қосылғаннан бергі бес жыл ішінде FlyArystan қазақстандық нарықта көшбасшы болды: нарықтың дамуын ынталандырды, 2023 жылы 3,6 миллион жолаушыны арзан әуе тасымалымен қамтамасыз етті және өзінің әуе кемелері паркін 4-тен 18 ұшаққа дейін ұлғайтты, тағы 6 ұшақ 2024 жылы жеткізіледі. Әуекомпаниясының көлемі мен операциялық күрделілігінің өсуіне байланысты FlyArystan өзінің әуе операторы сертификатын алатын кез келді. Бұл FlyArystan-ның одан әрі өсуі және әуекомпанияның халықаралық нарықтарда даму мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін нормативтік базамен қамтамасыз етеді»