Фотосурет өнерінің көрнекті өкілі Болат Омарәлиевтің өмірден өтті

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі фотосурет өнерінің көрнекті өкілі Болат Омарәлиевтің өмірден өтуіне байланысты қайғыра көңіл айтады.

Болат Шамаұлы қазақстандық журналистика мен фотоөнердің дамуына баға жетпес үлес қосты. Оның халықаралық және республикалық деңгейдегі шығармашылығы отандық мәдениет тарихында өшпес із қалдырды. Ол көптеген жас журналистерге тәлім беріп, фотожурналистердің бірнеше буынын тәрбиеледі.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Болат Шамаұлының отбасына, туыстары мен достарына көңіл айтады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі