Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге Халықаралық Алматы әуежайының басшысымен кездесті

Халықаралық Алматы әуежайында әуежай президенті Гокер Косе мен Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогенің кездесуі өтті. Кездесуге ҚР СІМ өкілдігінің басшысы — Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші — Жәнібек Жарасқанұлы Әбдірашов қатысты. Сапар аясында елші әуежайдың жаңа халықаралық терминалына барып оның инфрақұрылымын, сервис деңгейі мен өңірдің авиациялық торабының дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады.
Халықаралық Алматы әуежайы әлемдегі жетекші әуежай операторларының бірі ADP Group құрамына кіретін TAV Airports тобының бөлігі.
Франция және Қазақстан ынтымақтастығы: табысты серіктестіктің мысалы
Кездесу барысында Франция елшісі екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан мен Франция түрлі салаларда әріптестікті табысты дамытуды жалғастырып жатқанын айта кетті. Ол Қазақстанның инфрақұрылымына, оның ішінде Алматы әуежайын дамытуға белсенді инвестиция салатын TAV тобы шеңберінде Франция мен Түркияның табысты ынтымақтастығын мысалға келтірді.
«Француз инвестициялары Қазақстан экономикасында, әсіресе авиация және туризм сияқты стратегиялық секторларда маңызды рөл атқарады. Алматы әуежайын халықаралық хаб ретінде дамыту өңірдің туристік тартымдылығының артуына ғана емес, Қазақстан мен әлемнің қалған бөлігі арасындағы байланыстардың жақсаруына ықпал етеді», — деп атап өтті Сильван Гиоге.
Сондай-ақ, Қазақстан жаңа халықаралық терминал сияқты жобалардың арқасында халықаралық авиациялық желінің маңызды буынына айналатынын, бұл елге туристер ағыны мен инвестициялардың көбеюіне ықпал ететінін атап өтті.
Инфрақұрылымды дамытуға инвестициялар
«Біз Алматы әуежайын жаңғырту сияқты бастамаларды қолдаймыз, өйткені олар экономиканың өсуіне ғана емес, туризмді, сауданы және халықаралық байланыстарды дамытуға жаңа мүмкіндіктер туғызады», — деп толықтырды Франция елшісі. Ол, сондай-ақ, Алматы әуежайы француздық компаниялардың TAV Airports арқылы әуежай капиталына жанама қатысуын қоса алғанда, Қазақстанға табысты француз инвестицияларының үлгісі болып табылатынын атап өтті.
Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші Әбдірашов Жәнібек өз сөзінде «Табысты инвестициялық жобалардың бірі – әуежайдың жаңа халықаралық терминалының жобасы» екендігін атап өтті. Алматы Орталық Азияның негізгі хабы болып табылады, ал әуежай өз кезегінде өңірдің басты әуе қақпасының рөлін атқарады. Бүгін инвестициялық жобаның іске асырылу барысымен танысу үшін әуежайға Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильван Гиоге мырза келді. Оның сапары біздің мемлекеттер арасындағы инвестициялар мен инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін көрсетеді.
Алматы әуежайының болашағы: маңызды қадамдар
Әуежай президенті Гокер Косе өз кезегінде 2025 жылы халықаралық Алматы әуежайы инфрақұрылымды кеңейтуге және қызмет көрсету сапасын жақсартуға инвестиция салуды жалғастыра отырып, 12 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетуді жоспарлап отырғанын атап өтті. Жақын арада Алматының халықаралық авиациялық хаб ретіндегі позициясын одан әрі нығайту жөніндегі стратегиялық мақсаттарды көрсететін алдағы жылдарға арналған әуежайды дамыту жөніндегі мастер-жоспар ұсынылатын болады.
«Біздің жаңа халықаралық терминал Орталық Азияда «Excellence in Design for Greater Efficiencies (EDGE)» бағдарламасы бойынша сертификаттауға ие болған алғашқы терминал болғанын мақтан тұтамыз. Бұл жоғары экологиялық стандарт қана емес, сонымен қатар әуежайдың тұрақты дамуына жасалған маңызды қадам. Мұндай жобалар Алматының туризм мен халықаралық әуе тасымалының негізгі орталығы ретінде одан әрі өркендеуіне ықпал ететініне сенімдіміз», — деп атап өтті Гокер Көсе.
Халықаралық Алматы әуежайының Корпоративтік коммуникациялар департаменті