Фристайлдан FIS Әлем Кубогы Кезеңдерінің нәтижелері

2025 жылы 28 ақпан мен 2 наурыз аралығында Шымбұлақ тау курортында (Қазақстан, Алматы қ.)фристайлдан FIS Әлем Кубогының Кезеңі өтті:
Ерлер:
1 орын: KINGSBURY Mikael(Канада)
3 орын: HORISHIMA Ikuma(Жапония)
Ерлер:
3 орын: YANAGIMOTO Rino(Жапония)
Могул бойынша жарыстың финалдық кезеңі қатты тұманның себебінен болмай қалды. Әйелдер арасындағы жарыстық нәтижелері бірінші финал бойынша (F1), ал ерлердікі бағыттар нәтижелері бойынша анықталды.
Городко Анастасия 6-орын, Юлия Галышева 7-орын, ал Павел Колмаков 5-орын алды.
1 наурыз «параллель могул» бойынша жарыс өтті.
Анастасия Городко осы бағыт бойынша жақсы өнер көрсетіп, 3-орын алды.
«Параллель могул» бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
Ерлер:
1 орын: KINGSBURY Mikael(Канада)
2 орын: HORISHIMA Ikuma(Жапония)
3 орын: GRAHAM Matt(Австралия)
Әйелдер:
1 орын: KAUF Jaelin(АҚШ)
2 орын: YANAGIMOTO Rino(Жапония)
3 орын: GORODKO Anastassiya(Қазақстан)
Анастасияны Әлем Кубогында алған екінші медалімен құттықтаймыз. Юлия Галышева ширек финалға өтіп, Анастасия Городкоға есе жіберіп, 5-орын алды. Павел Колмаков жарыс қорытындысы бойынша 10-орынға тұрақтады.
2 наурыз “шаңғы акробатикасы” бойынша жарыстар спортшылардың өнер көрсетуімен аяқталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
Ерлер:
1 орын: WANG Xindi (Қытай)
2 орын: ROTH Noe (Швейцария)
3 орын: QI Guangpu (Қытай)
Әйелдер:
1 орын: PEEL Laura (Австралия)
2 орын: XU Mengtao (Қытай)
3 орын: SCOTT Danielle (Австралия)
Ayana ZHOLDAS – 9-орын алып, алғашқы финалға өтті, бірақ, өкінішке орай, турнирлік кестеде алдыңғы қатарға шыға алмады. Ерлер бағыт бойынша жарыстарда финалға шыға алмады.
Погосян Роман — 26 орын
Хаширбаев Шерзод — 27 орын
Умурзаков Уланбакир — 28 орын
Динмухаммед Райымкулов — 32 орын
Әлем Кубогының финалдық кезеңдері Ливиньода (Италия) 11-13 наурыз аралығында өтеді.
Жарысқа әлемнің 18-ден астам елінің мықты деген спортшылары қатысты, Олимпиада ойындарының, әлем чемпионаттарының қатысушылары мен жеңімпаздары, өткен кезеңдердің жеңімпаздары келді, жалпы қатысушылар саны — 100-ден асты.
Спортшылар да, FIS өкілдері де трассалардың дайындығы мен жарысты ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті.
Ал біз, жарысты ұйымдастырушылар ретінде 2025 жылы 6 Әлем кубогы кезеңдерін, Әлем чемпионатын, Юниорлар арасында Әлем чемпионатын, сондай-ақ осы жылдан бастап өткізіп жатқан Азия Кубогын өткіземіз деп елестеткен де жоқпыз.
Мұндай масштабтағы жарысты өткізу еліміздегі туризмнің дамуына оң әсерін тигізеді, қаламыз бен курортымыз бүкіл әлемнің туристтерін өзіне тарта түседі. Сонымен қатар спорттық туризм де дамып жатыр, бізге жаттығу жиындарын өткізу ұшін таяу және алыс шетелдерден командалар келе бастады. Спортшылар арасындағы сарафанды радионың арқасында канадалық райдерлер түсірген фрирайд жайлы «Tien Shan Dream» деректі фильмі сияқты біздің еліміз бен тауларымыз туралы фильм түсіруге келіп жатыр.
Біздің мақсаттарымыздың бірі — жастар арасында қысқы спорт түрлерін тарату. Біз тек фоистайл, тау шаңғысын ғана емес, сноуборд, фриски және басқа да спорт түрлерін дамыта бергіміз келеді. Ол үшін курорттағы спорттық қызметті дамытып, клуб мен курорттың инфрақұрылымын дамыта отырып жағдай жасаймыз.
Әлем кубоктары мен Чемпионаттарын өткізу — Қазақстандағы шаңғы спортының дамуына үлкен қадам, сондай-ақ өзімізді халықаралық жарыстар өткізетін мықты алаң ретінде таныту.
Халықаралық жарыстар спортшыларды ғана дамытпайды. Біздің елде қазір фристайл бойынша үш халықаралық төреші бар, олар Әлем кубоктарында, Еуропа кубоктарында, Әлем чемпионаттарында жұмыс істеп жүр. “Шымбұлақ” курортының операциялық директоры Александр Руденко жақында фристайлдан ФИС техникалық делегатының лицензиясын алды. Мұның барлығы халықаралық старттар есебінен тарату мен танытудың арқасында жүзеге асыралады.