Google Street View Қазақстанда қолжетімді

Қазақстан алуан түрлі, сонымен қатар тамаша табиғатымен ерекшеленеді. Қар басқан асқар таулардан Каспий теңізіне дейін – Орталық Азияның ең ірі елдерінің бірі тек табиғи ғана емес, сондай-ақ мәдени әртүрлілігімен таң қалдырады, бұл сізге тарих қойнауына сүңгіп, инновацияларға сусындауға мүмкіндік береді. Енді сіз де дәстүр мен заманауи рухтың бірегей үйлесіміне ене аласыз, өйткені біз Қазақстанда Street View жобасын іске қостық!

«Қазақстанда Street View енгізу бойынша Google-мен серіктестігіміз-алға жасалған үлкен қадам. Өйткені мұндағы адамдардың смартфондар мен YouTube және Gmail сияқты Google өнімдерін пайдаланады. Біз жақында YouTube Premium-ді іске қостық, енді жаңа Google қызметін жариялаймыз. Street View-ді қосу навигацияны жақсарту, туризмді ынталандыру және барлығына әдемі пейзаждарымыз бен қалаларымызға виртуалды саяхат ұсыну арқылы елімізді байытады. Бұл тұрғындар үшін де, қонақтар үшін де ойын ережелерін өзгертіп, Қазақстанды бүкіл әлем үшін қолжетімді әрі тартымды етеді», — деп атап өтті ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.