Grand Slam: Қазақстандық дзюдошылар үшін мүмкіндік
Астанада 16-18 маусым аралығында дзюдодан ірі турнир өтеді.
Үш күндік турнирге әлемнің 130 елінен көптеген спортшы келеді. 130-150 елде өздерінің дзюдо федерациялары бар. Бұл басқа спорт түрлерімен салыстырғанда үлкен ауқым дейді спортшылар.
2023 жылы Grand Slam бойынша кезекті турнирді өткізу үшін Қазақстан таңдалды.
«Қазір әлем чемпионатынан кейін біраз демаламыз, содан кейін бірден Астанада жаттығулар өткіземіз. Содан кейін біз Гранд Сламға қатысамыз», – дейді дзюдошы Жансай Смағұлов.
Бұрын барлық турнирлер Гран-при санатында болған. Қазір осындай 2-3 турнир ғана өтеді. Португалияда Гран-при болды, сонымен қатар Австралияда, Тәжікстанда өтеді деп күтілуде. Қалған турнирлер Grand Slam санатында болады. Сарапшылардың айтуынша, бұл турнир қазақстандық спортшылар үшін мүмкіндік.
«Қазақстанда Grand Slam турнирін өткізу – басқа спорт түрлерімен салыстырғанда ауқымды шара. Әр салмақтан төрт спортшыдан қатысады. Турнирді қандай ел өткізеді, сол елдің әр салмақта төрт спортшыдан қатыстыруға мүмкіндігі бар. Бірінші орынға 1000 ұпай беріледі. Бұл өте жоғары балл десе болады. Осындай 2-3 Grand Slam-ға қатысып, Олимпиада ойындарына жолдама ала аласың. Бұл жақсы мүмкіндік. Grand Slam турниріне 60-70 ел өтінім береді. Демек, Астанаға 500-600-ге жуық спортшы келеді», – дейді Жансай Смағұлов Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі жайында.