Халықаралық Алматы әуежайында 1200 – ге жуық әйел жұмыс істейді

Алматыда гендерлік теңдік және авиация саласындағы әйелдерді қолдау мәселелеріне арналған ICAO EUR/NAT өңірлік воркшоп басталды. Халықаралық Алматы әуежайы инклюзивті авиациялық ортаны дамытуға өзінің адалдығын атап өтіп, осы маңызды оқиғаның демеушісі ретінде мақтанышпен әрекет етуде.
Іс-шара аясында халықаралық Алматы әуежайының президенті Гокер Көсе «Іnspiring Young Women»сессиясының спикері болды. Өз сөзінде ол тең мүмкіндіктердің маңыздылығын атап өтті және жеке тәжірибесімен бөлісті.
«Бүгінгі таңда халықаралық Алматы әуежайында 1200 – ге жуық әйел жұмыс істейді, бұл біздің штаттың 30% құрайды. Бұл алдыңғы 20% — дық көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай өсім. Айта кететіні, бұл әйелдердің 80% тек қолдау департаменттерінде ғана емес, операциялық және техникалық бөлімшелерде де қызмет атқарады», — деді Гокер Көсе.
Халықаралық Алматы әуежайы осы бастаманың бір бөлігі болып табылатынын мақтан тұтып, авиациядағы әйелдерді қолдауды жалғастыруда.