Harvest Fest тағы да Алматыда: музыка және шабыттың күзгі мерекесі өтеді

Қаланың ең атмосфералық фестивальдерінің бірі қайтадан қонақтарын күтуде! 8 000-нан астам адам жинаған дебюттік сәтті шарадан кейін Harvest Fest 2025 тағы да Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына нағыз күз мерекесін сыйлау үшін өтпек.

Күні: 2025 жылғы 27 қыркүйек
Өтетін орын: Almaty Resort
Фестивальдің хэдлайнерлері : Ёлка және Burito

Harvest Fest-бұл жай концерт ғана емес. Бұл сіздің сүйікті әртістеріңізбен кездесуіңіз, керемет кештер, шабытқа бөлейтін атмосфера мен сіздің бойыңыздан ұзақ уақыт бойы кетпейтін эмоциялар.

Фестиваль бағдарламасында:

* Үздік әртістердің жанды қойылымдары — Ёлка и Burito алғаш рет бір сахнаға шықпақ
* Еуропалық күзгі жәрмеңкелер атмосферасын сезіндіретін арт-фудкорттар
* Әсерлі декор, фотоаймақтар, жарық қондырғылары
* Нағыз “музыкалық молшылық” – драйвқа, жайлылық пен керемет әсерлерге толы тамаша күн

“Harvest Fest- біз сүйіспеншілік пен махаббатпен туғызған бірігу сәті. Бұл күннің тамашалығы оның музыкасында, жарқыраған шамында, күзгі бейнесі мен аздаған сиқырлығында. “Біз қонақтар жарқын күздің келгенін сезінсе екен, деп тырысамыз”, деп бөліседі өз ойларымен ұйымдастырушылар.

Фестиваль шынайылық пен атмосферасын сақтай отырып, барған сайын кеңейе түсуде, адамдар сонысы үшін де бұл фестивальді жақсы көреді.