HomeTech & Electra 2025 ІІ Халықаралық көрмесі Алматыда өтеді

2025 жылдың 7–9 тамыз аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» көрме орталығының 9, 10, 11 павильондарында жалпы ауданы 12 мың шаршы метрді құрайтын HomeTech & Electra 2025 ІІ Халықаралық Электроника және тұрмыстық техника көрмесі өтеді. Шараға Қазақстан, Қытай, Түркия, Германия, Оңтүстік Корея, Иран, Ресей, БАӘ, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен электроника, цифрлық технологиялар және тұрмыстық техника саласындағы өндірушілер, дистрибьюторлар мен салалық өкілдер қатысады. 250-ден астам компания өз өнімдерін таныстырып, әріптестік мәселелерін талқылап, тапсырыстар қабылдау үшін Алматыға келеді.

Көрме барысында қатысушылар тұрмыстық техника мен тұтынушылық электроникадан бастап, «ақылды үй» шешімдері, жарықтандыру, климаттық жүйелер және энергия тиімді технологияларына дейінгі кең ауқымды өнімдерді ұсынады. Көрмеде кеңінен ұсынылатын негізгі санаттарға мыналар кіреді: «тұрмыстық электроника және ақылды үй», «компьютерлер мен перифериялық құрылғылар», «электрондық ойыншықтар мен ойын-сауық», «гаджеттер мен киілетін құрылғылар», «смартфондар, планшеттер және аксессуарлар», «электрондық компоненттер мен жинақтар», «робототехника және автоматтандыру, өндірістік электроника», «электромобильдер және ақылды көлік»

HomeTech & Electra 2025 көрмесінің директоры, World Silk Way компаниясының тең құрылтайшысы Эльмира Маркамбаева:

«HomeTech & Electra көрмесінің екінші маусымы ауқымдырақ болады. Біз қатысушы елдердің географиясын кеңейттік, сатып алушылар үшін арнайы бағдарламалар енгіздік, сондай-ақ салалық байқаулар, білім беру блоктары мен тақырыптық аймақтар қосылды. 2025 жылы көрме Орталық Азиядағы инновацияны дамытудағы маңызды алаңға айналады. Биылғы жылы көрме аясында ШОС аясындағы Қытай Электроника Сауда палатасының Цифрлық платформа комитетіне қарасты Халықаралық кәсіпорындар ынтымақтастығын ілгерілету қызметінің уәкілетті ұйымының қолдауымен Орталық Азия мен шекаралас өңірлердегі электроника және тұрмыстық техника нарығын дамытуға арналған арнайы форум өтеді»

Өткен маусыммен салыстырғанда, онда HomeTech & Electra халықаралық көрмесіне 480-нен астам байер қатысқан болса, алдағы жылы бұл көрсеткіш 1000-нан асады деп күтілуде. Қатысушылар қатарында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Әзірбайжан және Грузия елдерінің сауда желілері мен дистрибьюторлары болады. Байерлерге қолдау көрсету үшін елге байланысты арнайы лоялдылық бағдарламасы қарастырылған: трансфер, қонақүй жеңілдіктері, тіркеу бонустары, аудармашы қызметтері және B2B-сессияларға қатысу.

Көрменің маңызды шараларының бірі – HomeTech & Electra Форумы болады. Онда мемлекеттік органдар, салалық қауымдастықтар, шетелдік мамандар мен ритейлерлер қатыса отырып, электроника және цифрлық жүйелер нарығының даму үрдістері, жетістіктері мен қолдау шаралары талқыланады.

Сонымен қатар, көрме аясында көпшілікке арналған жаңа жобалар да іске асырылады: интерьер дизайнерлері мен сәулетшілерге арналған халықаралық байқау, танымал стримерлер мен тикток-блогерлер қатысатын алғашқы онлайн-жәрмеңке өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, B2B-кездесулер, семинарлар, баяндамалар мен ірі өндірушілердің презентациялары ұйымдастырылады.
HomeTech & Electra Innovation Awards 2025 аясында инновациялар мен технологиялар саласындағы жетістіктер үшін арнайы марапаттау рәсімі өтеді.

Айта кетейік, HomeTech & Electra I Халықаралық көрмесі 2024 жылдың жазында Алматы қаласында өтті. Үш күн ішінде шараны 4000-нан астам адам тамашалады, көрмеге 4 елден 80 компания қатысты. Бизнес-форум алаңында ҚР Мәжілісінің депутаттары, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының, ҚР Сауда комитетінің, ҚР Индустрия комитетінің, «Атамекен» ҰКП, Қытай халықаралық кемпинг конференциясы, QazTrade және басқа да ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі.
Көрменің ұйымдастырушысы – World Silk Way компаниясы.

Көрменің бағдарламасы және қатысу шарттары туралы толық ақпаратты www.hometechelectra.com сайтынан немесе WhatsApp арқылы +7 707 414 2222 нөміріне хабарласып алуға болады.

Telegram-канал: HomeTech & Electra 2025 ІІ Халықаралық көрмесі Алматыда өтеді