HONOR 400: Ақылды, қуатты және күнделікті өмірге арналған сенімді серіктес

Егер орта сегменттегі смартфон флагман мүмкіндіктерімен жабдықталса, не болмақ?
Біз HONOR 400-ді бір апта бойы қолданып көрдік. Нәтиже — шынайы таңданыс. Бұл құрылғы стиль мен өнімділікті, ақыл мен практикалықты шебер үйлестірген.
HONOR 400-дің алғашқы ұсталған сәтінен-ақ сапасы сезіледі. 184 грамм, 7,3 мм — өте жеңіл және жұқа. Корпусы саусақ ізіне төзімді — әрдайым таза әрі ұқыпты көрінеді. Бір қуантатыны жаңа смартфон — қолжетімді сегменттегі құрылғы.
Мобильді фотосуреттегі революция: HONOR Қазақстанда AI смартфондарының HONOR 400 сериясын ұсынады
Камера — HONOR 400-дің шынайы жұлдызы. 200 мегапиксель сенсорымен түсірілген кадрлар анық әрі шынайы. AI Super Zoom арқылы 30 есе үлкейткеннің өзінде де сурет «бұлыңғыр» болмайды. Біз Астанадағы «Бақбақ» мүсінін осы функциямен түсірдік — әрбір сызығы мен элементі көрініп тұрды.
Портреттік режимде ұлым адамдардың келе жатқанын түсіріп үлгердім — қозғалыста болса да кадр анық, фоны жұмсақぼлурланған.
Редакция — оңай әрі қызықты. Себебі, HONOR 400 фотосуреттерді өңдеуді жаңа деңгейге шығарады. Себебі, жасанды интеллект — шынайы көмекші екен.
-
AI Eraser — фотодағы қажетсіз адамдарды өшіріп тастайды.
-
AI Cutout — объектіні бөліп алып, басқа фонға орналастыруға болады.
-
AI кеңейту — кесіліп қалған кадрды автоматты түрде толықтырады.
-
Фото-видеоға айналдыру — бір түйме арқылы суреттен анимациялық бейне жасауға болады.
-
AI Face Tune — жабылып қалған көздерді «ашып», кадрды табиғи етеді.
Ыстамбұлда осы жаздың жаңа өнімі HONOR 400 смартфонының жаһандық тұсаукесері өтті
HONOR 400 — 6000 мАч батареямен жабдықталған. Күнделікті қолдануда — 1,5–2 күнге дейін қуаттауды қажет етпейді. Біз камера, YouTube, Telegram, навигация, Bluetooth секілді мүмкіндіктерді белсенді пайдалансақ та, кешке дейін қуат жеткілікті болды.
Snapdragon 7 Gen 3 және 12 ГБ оперативтік жады — жұмысты жылдам әрі іркіліссіз етеді. 512 ГБ жады — файлдар мен қосымшалар үшін жеткілікті. Қолдану кезінде бірде-бір «тежелу» болмады — бәрі тез, жауапты және тұрақты жұмыс істейді.
Экран: Жоғары сапа мен көзге қамқорлық
6,55 дюйм OLED дисплей, 120 Гц жаңарту жылдамдығы және 5000 нитке дейін жарықтық — күн көзінде де экран анық көрінеді. Кітап оқығанда, күнделікті қолданыс кезіндже бәрі көздің жайлылығы үшін ойластырылған.
Қорытындылай келсек, HONOR 400 — жай ғана телефон емес, күнделікті өмірдің ақылды көмекшісі. Ол:
-
Кәсіби деңгейдегі фото түсіреді;
-
Жылдам жұмыс істейді
-
Ұзақ уақыт қуат ұстайды
-
AI арқылы күнделікті істерді жеңілдетеді.
Егер сізге әдемі, сенімді және шынайы ақылды смартфон қажет болса — HONOR 400 сіз үшін мінсіз таңдау.