HONOR компаниясы қазақстандық каhармандарды қолдауға арналған жаңа жылдық жобасын іске қосты
Жаңа жыл қарсаңында HONOR ғаламдық технологиялық бренді қаһармандық кәсіптердің өкілдері жайындағы ақпараттық науқанды бастады. Өрт сөндіруші мен дәрігер барлық негізгі байланыс арналары арқылы белсенді түрде насихатталатын бейнероликтердің кейіпкерлері болды. Сенімділік, күш, ұтқырлық пен сапалы өнімділіктің синонимі болып табылатын HONOR қоғамға осы құндылықтарды сіңірген, мереке күндері де жұмысын тоқтатпайтын адамдарды еске салды.
Джонибек Вэй, HONOR-дың Қазақстандағы аймақтық директоры:
«Бизнес өкілдері өз өнімдерін ілгерілету үшін танымал тұлғалардың – блогерлердің, музыканттардың, актерлердің қызметіне жүгінетініне жұртшылық үйреніп қалған. Ал біз тек пайда табуға бағытталған кәдімгі бизнестен артық екенімізді көрсетуге тырысамыз. HONOR – жарнама ресурстарын дұрыс құндылықтарды насихаттау үшін пайдаланатын әлеуметке жауапты компания. Осы орайда біз кейде өзін құрбан етіп, қоғам игілігі үшін қызмет ететін адамдарға назар аударамыз. Дәл осындай қаһармандар бізді жоғары сапалы, қуатты және сенімді құрылғыларды жасауға шабыттандырады»
HONOR-дың коммуникация жобасының рөлдік моделдері қазақ қаһармандарының өздері болды. Жалпы тәжірибе дәрігері Зияда Кәкімова күніне 50-ден астам науқасты қабылдайды. Өрт сөндіру қызметінің құтқарушысы, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар арасындағы екі дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы Бақыт Сүлейменов «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдағы үздік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Төзімділік, батылдық, ұтқырлық – жаңа HONOR смартфондарына да тән қасиеттер. Мысалы, HONOR X7b сыйымды аккумуляторының арқасында үш күнге дейін қайта қуаттаусыз жұмыс істей алады. Ал HONOR X9b смартфоны кез келген бетке құлаған жағдайда, соққыларға төтеп бере алатындай қорғалған.
Қазақстанда HONOR 2022 жылдан бері ұсынылады және компанияның құрылғылары нарықтағы ең көп сұранысқа ие құрылғылардың бірі. HONOR басқа брендтерге үлгі көрсете отырып, коммуникация стратегияларында трендтерді белгілейді. Компания жаңа ерекше үрдісті – қызметі қоғамға пайдасын тигізетін тұлғаларды танымал етуді, сондай-ақ қазақстандықтардың бойына гуманистік құндылықтарды және қаһармандық кәсіптер өкілдеріне құрметпен қарауды сіңдіретін негізгі хабарламаларды қалыптастыруды бастады. Үнемі адамзат игілігі үшін қызмет ететін HONOR намысқа тырысып, қазіргі қазақстандық қаһармандардың ерен еңбегіне тәнті бола отырып, халықтың өмірін жақсартуға ұмтылуда.