HONOR мен Porsche Design бірлесіп, жаңа смартфондар әзірлейтін болады
HONOR ғаламдық технологиялық бренді мен Porsche Design компаниясы ұзақ мерзімді серіктестік туралы келісті. Ынтымақтастықтың мақсаты – озық технологияларды таңдаулы және функциялық дизайнмен үйлестіретін инновациялық смартфондарды жасау. Үнемі жетілгендікке ұмтылу және мүмкіндік шегін кеңейту құндылықтарын сақтай отырып, компаниялар тұтынушыларға бірегей пайдаланушы тәжірибесін ұсынады.
Джордж Чжао, HONOR-дың бас директоры:
«HONOR-дың өнім өндірудегі адамға бағытталған тәсілдемесі Porsche Design брендінің люкс класындағы зиятты құрылғыларды шығарудағы философиясымен тұтасады. Біздің мақсатымыз – жоғары технологиялар мен озық дизайнерлік шешімдерді баршаға қолжетімді ету. HONOR мен Porsche Design арасындағы ұзаққа созылған серіктестік біздің компанияларымыздың дүние жүзіндегі нарықтарда өсуіне әсер ететін жаңа перспективаларды ашады».
Зерттеу және әзірлеу саласындағы көптеген мүмкіндіктерінің арқасында HONOR бренді жиналмалы смартфондарды әзірлеуде алғаш жол салушы болып табылады және өзін осы индустриядағы көшбасшылардың бірі ретінде танытты. HONOR портфелі қуатты аккумулятор, берік экран, көп функциялы дисплей, жоғары сапалы фото және бейне түсіру сияқты тамаша техникалық сипаттамалары бар инновациялық өнімдерден тұрады.
Стефан Бюшер, Porsche Lifestyle Group-тың Атқарушы кеңесінің төрағасы:
«HONOR-мен эксклюзивті ынтымақтастығымыз Porsche Design-ның танымал электроника желісін одан әрі кеңейтудегі маңызды кезең болып табылады. HONOR-дың тұлғасында біз инновацияларды алға жылжытатын және тұтынушыларымызға сәнді дизайн мен ерекше өнімділікті тамаша үйлестіретін қызықты жаңа өнімдерді ұсынатын мінсіз серіктес таптық».
Porsche Design осы ынтымақтастық аясында өзіндік дизайнерлік шешімдерімен бөлісіп, көп жылдық тәжірибесінің арқасында люкс класыдағы смартфондар сегменті бойынша үлкен сараптамасын жасайды. Брендтің беделі аты аңызға айналған Porsche 911-ді әзірлеген Фердинанд Александр Поршенің дизайнерлік философиясынан туындайды.
Өнімдердің жаңашыл тұжырымдамалары мен уақытқа бағынбайтын эстетиканы біріктіре отырып, екі бренд зиятты құрылғылар әлеміне озық инновациялар мен премиум класындағы дизайнды енгізуге тырысады. Ынтымақтастық ұраны «Алғаш жол салушы болу үшін туылғандар» болды, өйткені екі бренд жоғары технологиялар саласындағы жаңа классиканы бірге жасамақшы. HONOR мен Porsche Design бірлесіп әзірлеген бірінші смартфон Қытайда, 2024 жылдың қаңтарында шығады.