HONOR нарықтағы тұңғыш көздің көруін екі фокусты қорғау технологиясы мен интернет-алаяқтықтан қорғауға арналған дипфейктер детекторын қысқаша таныстырды
HONOR жаһандық технологиялық бренді көздің көруі шектелген адамдардың пайдаланушылық тәжірибесін жақсарту және дипфейктердің таралуына байланысты алаяқтықтан қорғау үшін құрылған платформа деңгейінде жасанды интеллекті инновациялық технологиясын таныстырды.
MWC Shanghai 2024 көрмесі аясындағы арнаулы іс-шарада HONOR компаниясы жасанды интеллект саласындағы жетістіктерді паш етіп, көздің көруін екі фокусты қорғау технологиясы бар экрандарды, сондай-ақ өндірілген видеоларды тану алгоритмін қысқаша таныстырды. Бренд дербестендірілген сервистер мен деректерді жақсартылған қорғау есебінен пайдаланушылардың мүмкіндігін кеңейту үшін адамға бағдарланған ЖИ-технологияларын жақтайтынын растады.
«Жасанды интеллект біздің өмірімізді өзгертеді және смартфондар индустриясын алға ілгерілетеді, алайда брендтердің көпшілігі тек пайдаланушылардың қажеттіктерінің бір бөлігін ғана өтейтін бұлтты ЖИ-технологияларға назар аударады. Платформаның деңгейіндегі жасанды интеллект бізді жақсы түсінетіндіктен және әр пайдаланушының артықшылықтарын ескеретін дербестендірілген сервистер алуға мүмкіндік беретін инновациялар экожүйесінің маңызды бөлігі болып табылады — деп мәлімдеді CEO HONOR Джордж Чжао, — біз платформаның деңгейіндегі ЖИ-нің адамның мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтетініне сенімдіміз. Біз зияткерлік құрылғылардың барлық өндірушілерін жасанды интеллектінің жергілікті үлгілерінің әлеуетін зерттеу жөніндегі біздің бастамамызға қосылуға шақырамыз»
Жасанды интеллектінің көмегімен көздің көруін қорғау технологияларының дамуы
Мобильді құрылғыларды ұзақ пайдалану салдарынан жақыннан көргіштік жағдайларының өсу проблемасын шешу үшін HONOR компаниясы экранмен өзара әрекеттескен кезде екі фокусты көзәйнек тағуды имитациялауға арналған жасанды интеллект алгоритмдерін пайдаланатын AI Defocus Eye Protection көздің көруін қорғаудың инновациялық технологиясын қысқаша таныстырды.
Екі фокусты оптика саласындағы медициналық зерттеулер деректеріне қарағанда, мұндай линзалары бар көзәйнектер жақыннан көргіштіктің өршуін тоқтата алады, ал кейбір жағдайларда миопияның бастапқы сатыларын емдеуге тиімді. HONOR AI Defocus Eye Protection технологиясы жақыннан көргіштік дәрежесін экраннан оқыған 25 минуттан кейін орта есеппен 13 градусқа азайтуға мүмкіндік береді, ал кейбір пайдаланушыларда максималды төмендеу 75 градусты құрады.
Жасанды интеллект технологияларының көмегімен алаяқтықтан қорғау
Жасанды интеллектінің генеративтік модельдерінің дамуы қосымша тәуекелдердің пайда болуына және пайдаланушыларды алаяқтар пайдалануы мүмкін синтезделген кескіндемелер – дипфейктерден қорғауға арналған жаңа инструменттерді әзірлеу қажеттігіне әкелді. HONOR-дың инженерлері смартфондар үшін алғаш болып AI Deepfake Detection цифрлық айла-шарғыларды анықтаудың жергілікті жүйесін әзірледі. Бұл жүйе видеоқатардың ерекшеліктерін, соның ішінде көздің қозғалысын, жарықтануды, кескіндеменің айқындығын және өндірілген видеоларды анықтау үшін адамның көзіне байқалмайтын басқа ерекшеліктерді жеке кадрлап зерттейді.
AI Deepfake Detection технологиясы онлайн-алаяқтық жағдайларында пайдаланылатын кескіндемелер мен видеолар бар деректер жиымында оқытылған. Бұл видеоның түпнұсқалылығын сәйкестендіруді небәрі үш секундтың ішінде жүргізуге мүмкіндік береді, ал дипфейктер анықталған кезде пайдаланушылар тиісті хабарлама алып, ықтимал алаяқтармен өзара әрекеттестікті доғара алады.
2013 жылы негізі қаланған HONOR зияткерлік құрылғылардың әлемдік жетекші өнім берушісі болып табылады. Біз жаһандық танымал технологиялық брендке айналуға және барлық сценарийлерде, арналарда және барлық адамдар үшін ақылды өмірді қамтамасыз етуге тырысудамыз. Инновацияларға, сапаға және сервиске стратегиялық тұрғыда бағдар ұстай отырып, HONOR бүкіл әлімдегі адамдарға өздерінің ғылыми-зерттеу мүмкіндіктері мен перспективалық технологиялардың шегінен шығуға, сондай-ақ өзінің инновациялық өнімдер қоржынының көмегімен баршаға жаңа зияткерлік әлем құруға мүмкіндік беретін технологияларды әзірлеумен шұғылданады.